04 наурыз 2021 14:16

Юрий Дудь талантты қазақстандықтар тізімін көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Юрий Дудь әзілкеш Евгений Чебатковпен сұхбатында дарынды қазақстандықтар тізімін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Юрий Дудь әзілкеш Евгений Чебатковпен сұхбатында дарынды қазақстандықтар тізімін көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресейдің танымал журналисі, видеоблогер "Қазақстан шығармашылық жағынан бәрін басып озды" деген пікір білдіріп, еліміздің жас таланттарының тізімін көрсетті. Онда режиссерлерден Айсұлтан Сейітов, Медет Шаяхметов, Қанат Бейсекеев, Қуаныш Бейсеков, музыканттардан Скриптонит, Jah Khalib, Масло черного тмина, Imanbek, Димаш Құдайберген, Zoloto, 104, Truwer, M'Dee, The Limba, Dequine, Niman, Кисло-Сладкий & Bonah, "Ирина Кайратовна", Alphavite бар.

Сондай-ақ, әзілкештерден - Нұрлан Сабуров, Евгений Чеботков, Вячеслав Никифоров, Медет Қалибеков, Ғалым Қалиақбаров және Біржан Қабылбаев.

Ал Евгений Чебатков журналист сұрағына жауап ретінде "қазақтар керемет" екенін және "өмірсүйгіштігімен" ерекшеленетінін атап өтті.

"Олардың оқиғаларды айтқанын естісең ғой, жалпы олар өмір сүруді біледі. Бұл энергия сыйлайды. Меніңше, бұл энергия кезінде бүкіл Қазақстанға адамдар жер аударып келгеніне байланысты... Мұның бәрі араласып, азиялық күштің қоспасына айналды... Өзі алып болса да халқы өте аз, бірақ адамдары...

Оларды аймақ бойынша сезесің. "Уау!" Үш жүз бар. Әр жүз көптеген руға бөлінеді. Әркімнің өз ерекшелігі бар" дейсің де, кейін "Мынау адайлар, бұл наймандар" дейсің. Көп нәрсені үйреніп, үңіле бастағанда...

Бұл Алтын Орданың мұрасы. Мен үшін бұл керемет қосынды", - деді Чебатков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети