22 қазан 2019 16:10

Зеленский Назарбаевты Украинаға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elbasy.kz © elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еlbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 


Нұрсұлтан Назарбаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еlbasy.kz сайтына сілтеме жасап. 

Токиода өткен кездесуде Елбасы Владимир Зеленскийді Украинада президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

"Украинаның күн сайынғы өмірін қарап отырамын. Сіздің елдің тағдырына немқұрайлы қарамаймын. Екі жыл Украинада оқығаным үшін ғана емес. Тәуелсіздік алғалы бері сіздердің барлық президенттеріңізбен жақсы таныс болдым", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.  

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Украинада болып жатқан жағдайға алаңдаушылық білдірді. Елбасы Украинаның оңтүстік-батысындағы жанжалдың бейбіт жолмен шешу маңыздылығын атап өтті. 

"Сіз халықтың үлкен сенімімен сайландыңыз. Сізде ойлаған жоспарыңыздың барлығын іске асыруға мүмкіндік бар", - деді Елбасы. 

Өз кезегінде Владимир Зеленский Украина Қазақстан Республикасын көптеген мәселелер бойынша қолдап келгенін айтты. Келіссөздер барысында Владимир Зеленский Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Нью-Йоркте танысқанын айтып, Елбасын Украинаға шақырды. Сондай-ақ, тараптар екі ел арасындағы тауар айналымы мен қарым-қатынасты нығайту жолдарын талқылады. 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети