21 маусым 2024 09:34

Зейнетақы жинағын алған қазақстандықтар салық берешегінен босатылмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар зейнетақы қорында жинақталған қаражатын алған жағдайда төлеуге тиіс ЖТС (жеке табыс салығы) төлеуден босатылады. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасында жаңа Салық кодексі жобасының таныстырылымы өтті. Амриннің сөзінше, зейнетақысының бір бөлігін алып қойған және әлі де жеке табыс салығы бойынша 10 пайыз берешегі барлар үшін қарыз есептен шығарылады. Бұл салық зейнетке шыққан кезде алынбайды.

"Жаңа норма 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді", - деді вице-министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 474.66   490.7   5.4 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети