18 ақпан 2021 10:49

Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу: 42 мыңнан аса өтініш қабылданбады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

БЖЗҚ зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу бойынша 16 ақпандағы жағдайды баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


БЖЗҚ зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу бойынша 16 ақпандағы жағдайды баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

16 ақпандағы жағдайы бойынша, БЖЗҚ-ға уәкілетті операторлардан тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруға 134 709 өтініш келіп түскені белгілі болды.

"Оның ішінде 5 420 өтініш жұмысқа қабылданса, 42 579 өтініш заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қабылданбады.

Жалпы сомасы 469 миллиард теңгеге 86 710 өтініш орындалды, аталған сома уәкілетті операторларға аударылып, өтініш берушілердің арнайы шоттарына есептелді. Төлемдердің орташа сомасы шамамен 5,4 миллион теңге", - желінген хабарламада.

БЖЗҚ өкілдері өтінімдердің қабылданбау себептерін де атады:

1. Сомалар дұрыс көрсетілмеген, оның ішінде зейнетақы жинақтарының сомасы артық көрсетілген.
2. Жеке табыс салығын (ЖТС) төлеу тәсілін таңдау кезінде алуға сұраныс жасалатын сомалар дұрыс көрсетілмеген.
3. Салымшылар алуға болатын сома шегінде емес, зейнетақы жинақтарының бүкіл сомасын көрсетті.
4. Өтінімде өзекті емес сомалар көрсетілген, яғни салымшылар инвестициялық табыстың нарықтық ауытқуына байланысты зейнетақы жинақтары сомасындағы өзгерістерді ескермеген.
5. "БЖЗҚ" АҚ деректер базасында жеке зейнетақы шоттары және тиісінше зейнетақы жинақтары жоқ тұлғалардан да өтінімдер түскен.
6. Салымшылар қайталайтын өтінімдер берген.

 

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети