22 қаңтар 2021 16:52

Зейнетақыны емделуге алу ережесі қаңтардың соңына дейін күшіне енеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Зейнетақы жинақтарын емделу және медициналық қызметтерге алу қағидалары қаңтардың соңына дейін күшіне енеді. Бұл туралы "Отбасы банк" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Зейнетақы жинақтарын емделу және медициналық қызметтерге алу қағидалары қаңтардың соңына дейін күшіне енеді. Бұл туралы "Отбасы банк" басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол зейнетақы жинақтарын емделу мақсатында алуды ұйымдастыруға әзірше тек "Отбасы банк" келіскенін атап өтті.

"Сондықтан үкімет қаулысында емделу бойынша барлық төлем "Отбасы банк" арнайы шоттары арқылы өтетіні нақты жазылған. Олар (ережелер) айдың соңына дейін күшіне енеді", - деді Ибрагимова ОКҚ онлайн-брифингінде.

Ләззат Ибрагимова рәсімдер мемлекеттік органдармен келісіліп жатқанын атап өтті.

"Кейін Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы Әділет министрлігінде тіркеледі. Ол сайтта жалпыға қол жетімді түрде жарияланды, қазір талқыланып жатыр. Жалпы онда сирек кездесетін ауру түрлері, оларды емдеу, стоматологиялық қызметтер бар екенін көрген боларсыздар. Ересектер үшін өз денсаулығын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік мол", - деді Ибрагимова.

Зейнетақы жинақтарын қандай медициналық қызметтерге пайдалануға болатынын мына сілтеме арқылы оқи аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети