28 қазан 2020 09:24

"Зорлықшымен татуластырғысы келген": қазақстандық ток-шоудан заңбұзушылық анықталмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скрин видео "31 телеарна" Скрин видео "31 телеарна"

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі республикалық телеарнадағы ток-шоулардың бірінен көрсетілген зорлықшымен татуластырғысы келген шығарылымға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі республикалық телеарнадағы ток-шоулардың бірінен көрсетілген зорлықшымен татуластырғысы келген шығарылымға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл оқиғаға қатысты Tengrinews.kz редакциясы министрлікке ресми сауал жолдаған. Ведомство бұл оқиғаға қатысты мониторинг жүргізілгенін атап өтті.

"Министрлік "Кел, татуласайық!"(Ток-шоу 2020 жылғы сәуірден көрсетіле бастаған) бағдарламасына бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заң, сондай-ақ "Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы" заң аясында мониторинг жүргізілген. Мониторинг нәтижесінде бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы заңнаманы бұзу белгілері анықталған жоқ", - делінген хабарламада.

"Кетуге өтініш жазды". ҚМДБ қызды "зорлықшымен татуластырғысы келген" имам туралы

Министрлік "31 телеарна ТРК" ЖШС ұсынған ақпаратқа сәйкес, Қызғалдақ Талғатқызы "Кел, татуласайық!" бағдарламасына қатысқан кезде кәмелет жасына толғанын жеткізді.

"Сондай-ақ, телеарна ток-шоуға қатысуға оның жазбаша келісімін алған. Телеарна newreporter.org порталында сыни мақаланың жариялануы және азаматтардан түскен өтініштерге байланысты бағдарламаның негізгі тұжырымдамасына қатысты түсінік берген", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ақпарат және қоғамдық даму министрлігі заңға сәйкес уәкілетті органда есепке қойылған бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін шығаруды немесе таратуды тоқтата тұру не тоқтату меншік иесінің немесе соттың шешімі бойынша мүмкін болатынын атап өтті.

Телеарна эфирінде имам зәбір көрген қызды "зорлықшымен татуластырғысы келген"

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети