Майкл Джексон туралы фильм прокат сенсациясына айналды

Иконка просмотров страница
Иконка комментария страница

Бөлісу

«Майкл» фильмінен кадр

Қазір прокатта бірден бірнеше ірі туынды ұсынылып, олардың әрқайсы көрермен назары үшін таласқа түсіп жатыр. Редакция өткен аптадағы кассалық түсімдер нәтижесін жинақтады, - деп хабарлайды Tengri Life


Қазір прокатта бірден бірнеше ірі туынды ұсынылып, олардың әрқайсы көрермен назары үшін таласқа түсіп жатыр. Редакция өткен аптадағы кассалық түсімдер нәтижесін жинақтады, - деп хабарлайды Tengri Life

"Майкл"

Variety басылымы мәліметінше, поп-музыка королі Майкл Джексон туралы фильм прокаттың алғашқы күндерінде-ақ сенсацияға айналған: туынды АҚШ-та 97 миллион доллар, ал бүкіл әлем бойынша 217 миллион доллар жинады.

Бұл кассалық түсімдер өмірбаянға негізделген фильмдер тарихындағы ең үздік старт болды. Ол "Көше дауысы" (60 миллион доллар) фильмінің рекордын жаңартты. Сондай-ақ, нәтижелер 51 миллион доллардан бастап, соңында бүкіл әлем бойынша 910 миллион доллар жинаған "Богемская рапсодия" фильмінің көрсеткіштерінен де айтарлықтай асып түсті.

Жарнама
Жарнама

Фильм Майкл Джексонның әлемдік даңққа жету жолын баяндайды: The Jackson 5 тобындағы өнер көрсетулерінен бастап, поп-музыка королі мәртебесіне дейінгі кезең қамтылған. Туындыда әртістің сахна сыртындағы өмірі мен алғашқы жеке өнер көрсетулері көрсетіледі. Басты рөлді оның жиені, Джермен Джексонның ұлы - Джаафар Джексон сомдады. Ол бала кезінен музыкамен айналысады, ән айтып, би билейді.

Rotten Tomatoes мәліметтеріне сүйенсек, фильмге берілген бағалар екіге бөлінген: көрермендердің 97 пайызы оң баға берсе, сыншылардың көрсеткіші небәрі 38 пайыз болған.

Сыншы Сара Мишель Феттерс туындыны негізінен көрерменді баурап алатын танымал музыка ғана ұстап тұрғанын, ал қалған жағынан фильмге идеялық мазмұн жетіспейтінін атап өтті. Оның пікірінше, фильм кейіпкерді тым мінсіз етіп көрсетіп, оны шынайы адамдық қасиеттер мен ішкі қайшылықтардан ада еткен.

"Фильмде 1990-шы және 2000-шы жылдардағы әртістің айналасында болған дау-дамайлар егжей-тегжейлі қамтылады деп күткен жоқпын, бірақ бейне тым болмаса сәл ғана күрделі болар деп үміттендім. ...Оны құдайға теңестірілген тұлға ретінде емес, пенде ретінде көрсетуге талпыныс болар деп ойладым", - деді ол.

Джек Хамильтон фильмнің "біртұтас ырғағы қалыптаспағанын, ал оның екпіндері мен айтылмаған тұстары Майкл Джексонның мансабымен таныс жандарға оғаш көрінетінін" атап өтті.

Ал Джек Уилсон "тарихтың бұл қысқартылған нұсқасы салмақты әрі сақ түсірілген, бірақ мүлдем іш пыстырарлық емес" деп санайды.

"Супер-Марио: Галактика"

Box Office Mojo мәліметінше, "Супер-Марио: галактикалық кино" фильмі прокаттың төртінші аптасында 21,2 миллион доллар жинап, кассалық түсімдер бойынша екінші орынға түсті.

Жалпы түсім АҚШ-та 384 миллион долларға жетіп, бүкіл әлем бойынша 800 миллион доллардан асты.

Болжамдар бойынша, жалпы прокат бір миллиард доллардан асуы мүмкін. Егер Nintendo келісім берсе, студиялар франшизаны дамытуға және Марио туралы жаңа фильмдер шығаруға белсенді кіріседі деп күтіледі.

"Ақыр заман" жобасы

Amazon MGM Studios-тың басты рөлде Райан Гослинг ойнайтын "Ақыр заман" жобасы фильмі прокаттың алтыншы аптасында 13,2 миллион доллар жинап, осы аптада үшінші орынды иеленді.

Қазіргі уақытта ғарыштық эпопея АҚШ-та қомақты 305 миллион доллар, ал бүкіл әлем бойынша 613 миллион доллар жинады.

Сюжет бойынша астронавт Райленд Грейс ғарыш кемесінде есін жиғанда жадынан айырылғанын түсінеді. Кейін ол Тау Кита жұлдызына бағытталған миссияның жалғыз аман қалған мүшесі екенін және басты мақсаты — Жерді апаттан құтқарудың жолын табу екенін ұғынады.

Ли Крониннің "Мумиясы"

Режиссер Ли Крониннің "Мумия" фильмі прокаттың екінші демалысында 5,6 миллион доллар жинап, төртінші орынға жайғасты. Сюжеттің ортасында көп жылдар бойы перзентінен айырылып, қасіретті өмір сүріп жатқан журналистің отбасы баяндалады: олардың кішкентай қызы шөл далада із-түзсіз жоғалып кеткен. Сегіз жылдан кейін қыз күтпеген жерден үйіне оралады.

Бақытты қауышу болуы тиіс сәт қорқынышты түске айналады.

БАҚ мәліметінше, бюджеті 22 миллион доллар болған туынды прокатта 65 миллионнан астам қаржы жинаған.

Сонымен қатар "Міне, нағыз драма!" фильмі төртінші уик-эндте 2,65 миллион доллар жинады. Жалпы түсім АҚШ-та 44,8 миллион долларға жетті. Ал әлемдік касса өткен аптаның басында-ақ 100 миллион доллардан асты.

Туынды үйлену тойы қарсаңындағы жұптың — Роберт Паттинсон мен Зендея сомдайтын кейіпкерлердің қарым-қатынас тарихын баяндай отырып, олардың сезімдері мен толғаныстарына басымдық береді.

TengriLife
Пікірлерді оқу

Тағы оқыңыз
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама