Перуде екі жер сілкінісі болды: қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Перуде екі жер сілкінісі болды: қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар Фото: Andina

Перудегі екі жер сілкінісі салдарынан кемінде бес адам қаза тауып, 21 адам зардап шекті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Магнитудасы 5,1 және 3,7 болатын жер асты дүмпулері сенбі күні кешке Лимадан шығысқа қарай шамамен 300 шақырым жерде орналасқан Хунин аймағының Чупака провинциясында тіркелді.

Перу Геофизикалық институтының (IGP) мәліметінше, магнитудасы 5,1 болатын жер сілкінісі сағат 21:24-те болған, ал оның эпицентрі 24 шақырым тереңдікте Чонгос-Бахо ауданында орналасқан, деп хабарлайды Перудің El Comercio басылымы.

Ұлттық азаматтық қорғаныс институтының (Indeci) соңғы алдын ала есебіне сәйкес, жер сілкінісі салдарынан кемінде бес адам қаза тауып, 20-дан астам адам жараланды, сондай-ақ 300-ге жуық адам баспанасыз қалды.

Жер сілкіністерінің қуаты салыстырмалы түрде аз болғанына қарамастан, олар ғимараттар мен инфрақұрылымға айтарлықтай зақым келтірді, деп жазады басылым.

Билік апат аймағына армия жіберді, іздестіру-құтқару жұмыстары басталды.

Еске сала кетейік, Венесуэладағы қос жер сілкінісі бес мыңнан астам адамның өмірін қиған болатын.

Бұған дейін Google компаниясының Қазақстандағы Android қолданушыларына Алматы маңындағы жер сілкінісі туралы хабарлап, қауіпсіздік шараларын еске салғанын жазған едік. Сөз Қырғызстандағы магнитудасы 5,6 болатын жер сілкінісі туралы болған еді.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +38
Астана +23
Ақтау +27
Ақтөбе +25
Атырау +30
Б
Балқаш +26
Ж
Жезқазған +22
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +27
П
Павлодар +19
Петропавл +32
С
Семей +36
Т
Талдықорған +31
Тараз +31
Түркістан +29
О
Орал +34
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер