24 мамыр 2014 19:00

Еуропалық Одақ Украинадағы сайлауды бақылау үшін және реформа жасау үшін 10 миллион евро бөлді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Еуропалық Одақ Украинадағы президент сайлауын бақылау үшін және заңнамалық базаларын реформалауға кеңес беру үшін ЕҚЫҰ миссиясына көмегін бес миллион евродан 10 миллион евроға өсірді, деп хабарлайды РИА Новости.


Еуропалық Одақ Украинадағы президент сайлауын бақылау үшін және заңнамалық базаларын реформалауға кеңес беру үшін ЕҚЫҰ миссиясына көмегін бес миллион евродан 10 миллион евроға өсірді, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейінгі ЕО қаржыландыруының арқасында ЕҚЫҰ 105 қосымша бақылаушыларды орналастыра алғандығы да жазылған. Олар ЕО мемлекеттер-мүшелерінен, одаққа кіруден үміткер және әлеуетті үміткер елдерден шақыртылған.

Бір жарым миллион евро қосымша бақылаушылардың жұмыстарын қамтамасыз етуге, ал бес миллион евро ЕҚЫҰ-ның арнайы бақылау миссиялары Харьковте, Донецкіде, Днепропетровскіде, Луганскіде, Одессада, Львовта, Херсонда, Ивано-Франковскіде және Черновцыда жұмыс жасай алуы үшін жұмсалады, деп баяндалған.

Енді 3,5 миллион евро Украинада заңнамалық және конституциялық реформалар, сондай-ақ диалогтар (келіссөздер) және делдалдық (келістірушілік) жұмыстар жүргізумен байланысты ЕҚЫҰ қызметін қолдау үшін бөлінген.

Естеріңізге сала кетейік, Украинада президент сайлауы 25 мамырға белгіленген. Бұған дейін Украина президентігінен үміткер 21 кандидаттың бәрі елді "демократия және экономикалық даму" жолымен басқаруға белдерін бекем буып отыр деп хабарланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети