“Анам рұқсат берді“. Шымкенттегі зообақта бала қояндар тұрған қоршауға кіріп кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Анам рұқсат берді“. Шымкенттегі зообақта бала қояндар тұрған қоршауға кіріп кеткен Бейне кадрлары

Шымкенттегі хайуанаттар бағында бала қояндардың қоршауына кіріп кетіп, жануарларды қуып, үркіткен және олармен суретке түскен, деп хабарлайды Tengri Life.


Шымкенттегі хайуанаттар бағында бала қояндардың қоршауына кіріп кетіп, жануарларды қуып, үркіткен және олармен суретке түскен, деп хабарлайды Tengri Life.

Не болды?

Болған жағдай туралы хайуанаттар бағының әкімшілігі мәлімдеді. Баспасөз қызметі мәліметінше, келушілердің бірі баласымен бірге тыйым салынған аймаққа - тура қояндардың қоршауына кірген.

"Бала жануарларды қуып, қорқытқан, сонымен қатар олармен суретке түскен. Мұндай әрекеттер жануарларды үркітіп, тыныштығын бұзады", - делінген жазбада.

Жарияланған кадрлардан қоршаудың ішіне кіру оңай болмағанын көруге болады: баланың қоршаудан өтуіне анасы көмектескен.

Оқиғадан кейін күзет қызметі бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарап шығып, келушілердің кім екенін анықтады.

Баланың ата-анасымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оларға хайуанаттар бағына келу ережелері мен жануарларға ұқыпты қарау қажеттілігі туралы ескертілді.

Әкімшілік аумақта қоршаудан өтуге тыйым салатын ескерту тақтайшалары орнатылғанын, алайда бұл талаптардың ескерусіз қалғанын ерекше атап өтті.

"Зообақ- жануарлардың есебінен көңіл көтеретін жер емес. Бұл - олардың үйі. Ережелерді сақтау - әрбір келушінің жауапкершілігі", - деді мекеме өкілдері.

Келушілер нені есте сақтауы керек?

Сондай-ақ келушілерді балаларына мұқият болып, оларды қараусыз қалдырмауға шақырды.

"Хайуанаттар бағына келгенде қоршаудан өтіп, жануарлардың ішіне кіруге қатаң тыйым салынады. Балаларыңыздың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлулеріңізді сұраймыз", - деп түйіндеді хайуанаттар бағының өкілдері.

Айта кетсек, бұған дейін Семейдегі облыстық балалар биологиялық орталығында ересек ер адамдар балалардың көзінше арыстандардың қоршауына тас лақтырған болатын.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 476.71   561.69   6.29 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети