“Соңғы жүзу“. Қостанай жағажайында үрейлі белгілер орнатылды

Иконка просмотров страница
Иконка комментария страница

Бөлісу

Бейнеден алынған кадр

Қостанайлық құтқарушылар жағажайға суға кеткен адамдардың деректері жазылған инсталляция орнатты, деп хабарлайды Tengri Life.


Қостанайлық құтқарушылар жағажайға суға кеткен адамдардың деректері жазылған инсталляция орнатты, деп хабарлайды Tengri Life.

ТЖД қызметкерлері қалалық жағажайға кейінгі уақытта өңірдегі су айдындарында суға кеткен адамдардың жасы көрсетілген құтқару кеудешелерінің макетін қойды. Инсталляция судағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған профилактикалық акцияның бір бөлігі болды.

Ведомство мәліметінше, кеудешелерде қаза тапқандар туралы мәліметтер, соның ішінде олардың жасы жазылған. Ұйымдастырушылардың ойынша, мұндай элементтер демалушыларға құтқару кеудешесі адам өмірін сақтап қалудың нақты құралы бола алатынын еске салуы тиіс.

Жарнама
Жарнама


Инсталляцияда көрсетілген қайғылы жағдайлар шомылуға тыйым салынған жерлерде суға түсумен, мас күйінде суда болумен, сондай-ақ кейбір марқұмдардың, соның ішінде балалар мен жасөспірімдердің өз күштерін дұрыс есептемеуімен байланысты.

Акция "Соңғы жүзу" деп аталды. Ол судағы қауіпсіздік ережелерін бұзудың салдары туралы көрнекі ескерту ретінде ұсынылып, балалар мен ересектердің шомылу орны мен жағдайын таңдауда жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

Жарияланым астында желі қолданушылары құтқарушылардың бұл бастамасын қызу талқылады: бірі ескертудің мұндай әдісін тиімді деп бағаласа, екіншілері, керісінше, оны тым үрейлі және қатал деп атады.

"Мұндай "ескерткіштерді" қоюдың не қажеті бар, бәрінің бірдей теңізге ұшуға мүмкіндігі жоқ, шомылатын жерді жабдықтау керек", "Суға кеткендердің жасы жазылған бұл кеудешелерден төбе шашың тік тұрады екен", "Мас адам мұны оқымайды, ал ақымақтар жаңа инсталляцияға күледі де қояды", "Дұрыс шешім деп есептеймін, бұл тым болмаса өз қауіпсіздігің туралы ойлануға мәжбүрлейді", "Қауіпсіздікті еске салу керек, әрине, бірақ жағажайды зиратқа айналдырмай", - деп пікір қалдырды қолданушылар.

Сүңгуірлер, дрондар, авиация: Каспий теңізінде суға кеткен ер адам төрт тәуліктен бері іздестіріліп жатыр

Бұған дейін Маңғыстау облысында Каспий теңізі акваториясында шомылуға арналмаған жерде суға кеткен 27 жастағы ер адамды іздеу операциясы төртінші тәулік бойы үздіксіз жалғасып жатқаны хабарланған болатын. Іздеу жұмыстары ауа райының қолайсыздығы мен теңіздегі қатты толқынға қарамастан жүргізіліп жатыр: құтқарушылар мен сүңгуірлер акватория мен жағалау сызығын тексеруді жалғастырып жатыр.

Пікірлерді оқу

Тағы оқыңыз
Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама