Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

2014 жылы Қазақстан банктеріне 13 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

26 Қаңтар 2015, 12:04
0
©REUTERS
©REUTERS

Қазақстан банктеріне 13 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы қызметін дамыту ұлттық қорының мәліметтеріне сілтеме жасап.

Қор мәліметтері бойынша, 2014 жылы Қазақстанның Ұлттық банкі 37 банкті әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты 134 іс қозғалып, қаралды. Қазақстанның банктеріне қатысты 70 ескерту мен жалпы сомасы 12 991 780 теңге болатын 64 айыппұл тағылды.

"Әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы ең көп қаулы Punjab National Bank – Қазақстанға қатысты болды (24 жағдай). Заң талаптарын бұзу саны бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған екінші банк "Еуразиялық банк" (18 жағдай). Әкімшілік құқық бұзушылық саны бойынша жасалған тізімнің үшінші орнында "Цеснабанк" тұр (7 жағдай)", - деді Ұлттық қордағылар ҚР Ұлттық банкінен алынған мәліметтерге сілтеме жасап.

Салыстыру үшін, 2013 жылы Ұлттық банк 22 банкті әкімшілік жауапкершілікке тартып, жыл бойы 62 қаулы шыққан (41 ескерту мен жалпы сомасы 3,2 миллион теңгеге тең 21 айыппұл салынған). Қор мәліметтері бойынша, 2014 жылы Қазақстан банктері нормативтік құқықтық акт талаптарын бұзған. Әсіресе ҚР "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" заңының талаптары бұзылды, сонымен қатар валютаның экспорттық-импорттық бақылауының жүзеге асуын, валюталық операциялар, қолма-қол шетел ақшасын айырбастау операциялары, ақша айырбастау пунктерінде шекті бағам қоюды және тағы да басқаны қадағалайтын заңға қосымша актілер бұзылған.

Қаржы қызметін дамыту ұлттық қорының мәліметтері бойынша, Қазақстанның банктері басқарушы банк бақылауының күшеюіне байланысты әкімшілік жауапкершілікке жиі тартылатын болған.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай