16 желтоқсан 2018 10:23

Google Қазақстанның Тәуелсіздік күніне дудл арнады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Google компаниясы Doodle-ды тағы да Қазақстанның тәуелсіздік күніне арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Google компаниясы Doodle-ды тағы да Қазақстанның тәуелсіздік күніне арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінгі Doodle-да Қазақстанның 1992 жылы Тәуелсіз мемлекет болған кезінде қабылданған туы бейнеленген.  Алтын түстес реңге боялған күннің сәулелері, дала қыранның және оюдың бейнесі әділдік пен адалдық және бүтіндіктің бейнесі.

Ресей мен Еуропаның ортасында орналасқан бұл мемлекет 130-дан астам этникалық топтардан және 17 ұлттық конфессиядан тұратын әлемдегі көпұлтты мемлекеттердің бірі. Бүгін Қазақстан Кеңес үкіметінің құрамынан шығып, тәуелсіздік алған күнін мерекелеуде. Бүкіл мемлекет бойынша барлық жұмыс орындары мен мектептерде демалыс жарияланып, әртүрлі мерекелік концерттер мен мәдени шаралар ұйымдастырылған", - делінген сипаттамада.

Сонымен қатар, WhatsApp-та Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстандықтарда арнайы стикер пайда болды.

Айта кетейік, компания республика халқын бірінші рет құттықтап жатқан жоқ. 2015, 2016, 2017 және 2011 жылдары Google Doodle-ды Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арнаған еді.


2011 жыл


2015 жыл


2016 жыл


2017 жыл

Дудлдар - Google-дың басты бетінің логотипінің ерекше нұсқасы. Олар мерекелердің, айтулы оқиғалардың, белгілі суретшілердің туған күндеріне және тарихты өзгерткен ғалымдардың құрметіне орай пайда болып отырады. 2011 жылы Google компаниясы Google Doodle-ға патент алған еді. Барлық дудлдарды мына жерден көруге болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети