Google құрылымын өзгертеді

11 Тамыз 2015, 09:00
0
© Google.com
© Google.com

Google корпорациясы кенеттен құрылымын өзгертетінін хабарлады. Енді жаңа Alphabet холдингі құрылып, Google оған еншілес компания болып қалады. Бұл туралы Google ресми блогында хабарлады.

"Біз басында ақылға қонымсыз болып көрінетін жұмыстар істедік, - деді компанияның негізін қалаушы Ларри Пейдж. - Қазір біздің компания жақсы жұмыс істеп жатыр, дегенмен біз оны одан ары дамытқымыз келеді".

Пейдждің айтуынша, корпорацияның іздеу бөлімі, YouTube видеохостингі мен басқа да веб-компаниялар өздерінің ғылыми-зерттеу және инновациялық бөлімшелерін бөлу үшін құрылымын өзгертеді. Пейдж Google компаниясының атқарушы директоры қызметінде қалады, сонымен қатар, Alphabet-ті басқарады. Сергей Брин холдингтің президенті қызметін атқарады. Google корпорациясы бас директорының қызметіне компанияның өнім жөніндегі вице-президенті Сундар Пичаидің кандидатурасы ұсынылды.

Сонымен қатар, бағасы белгіленбелі биржадағы Google акциялары Alphabet құнды қағаздарымен алмасады.

Айта кетейік, Google компаниясы 1988 жылы 2 қыркүйекте құрылды. Google іздеу жүйесін Стэнфордский университетінің аспиранттары Ларри Пейдж және Сергей Брин жасап шығарды.
 

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай