26 мамыр 2015 11:47

Алматы метросы ашылғалы бері 23 миллион адам тасымалдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Роза Есенқұлова © Роза Есенқұлова

Алматы метросы ашылғалы бері 23 миллион адам тасымалдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы "Метрополитен" КМК баспасөз қызметі хабарлады. Ұйымның мәліметінше, "Сайран" мен "Мәскеу" станциялары ашылған бір айдың ішінде метроны пайдаланатындар саны күніне 38 000 адамға дейін көбейді. Баспасөз қызметі өкілдері пойыздар арасындағы уақыт интервалын азайту мақсатында күннің әр мезгіліндегі метромен жүретін адамдар санын зерттеп жатқандарын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Алматыда 2015 жылдың 18 сәуірінде жаңадан "Сайран" және "Мәскеу" станциялары ашылды. Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, метро аймағында орналасқан үйлер он пайызға қымбаттаған. "Сайран" станциясы Абай даңғылымен мен Брусиловский және Тілендиев көшелерінің арасында орналасқан. Ал "Мәскеу" станциясы - Абай даңғылының бойында Өтеген батыр мен Алтынсарин көшелерінің арасында. Станция 11 метр тереңдікте орналасқан. "Мәскеу" станциясында Кремль мен Қызыл алаңның фотосуреттері ілінген. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері 2015 жылы Алматы метросының бірінші желісінің екінші кешенінің құрылысы жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

Сонымен қатар, Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері 2015 жылы Алматы метросының бірінші желісінің екінші кешенінің құрылысы жоспарланып отырғанын мәлімдеді. Жерді сатып алу және тәркілеу жұмыстары жоспарланған. Жол Абай даңғылының бойымен батысқа қарай Алтынсарин даңғылының бойында Яссауи көшесіне дейін жалғасады. Бұл "Сарыарқа" және "Достық" станциялары болмақ. Еске сала кетейік, 2012 жылы метроны күніне 16 мың адам пайдаланған. 2014 жыл бұл көрсеткіш 25 мыңға дейін өсті. Алматы метросы 2011 жылдың 1 желтоқсанынан бастап жұмыс істеп тұр. Алматы метрополитені 2011 жылдың 1 желтоқсанында пайдалануға берілді. Бірінші желіде жеті станция іске қосылды: "Райымбек батыр", "Жібек жолы", "Алматы", "Абай", "Байқоңыр", "Мұхтар Әуезов атындағы драма театры", "Алатау".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети