04 маусым 2019 14:07

"Астана Банкінің" қызметкері 160 миллион теңге жымқырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі ҚР ӘМ "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" мемлекеттік кәсіпорнының шотынан 160 миллион теңге ақша қаражатын жымқыру фактісін әшкереледі, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Қаржы мониторингі комитетінеің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жасалған қылмыстың ұйымдастырушысы - "Астана Банкі" АҚ-ның басқармасы төрағасының орынбасары Е.Ж.Увалеев 2012 жылдың қазан айында Республикалық құқықтық ақпарат орталығының атынан төлем тапсырмасын қолдан жасап, ұрланған қаражатты өзіне бағынышты компанияның шотына аударған", - делінген хабарламада. 

Аталған қылмысты 6 жыл бойы жасыруға сол банктің менеджері А.Х.Жундугулова көмектесіп келген және ай сайын Республикалық құқықтық ақпарат орталығының бухгалтериясына олардың шоты бойынша жалған мәліметтер беру арқылы мемлекеттік кәсіпорнында өзіне қатысты жасалған алаяқтық туралы білуіне мүмкіншілік болмаған. 

Тергеу барысында күдіктілер өз кінәләрін мойындап, қылмыстың салдарынан келтірілген залалды толықтай өтеді. Тергеу барысында күдікті Е.Ж.Увалеев соттың санкциясымен қамауда ұсталды.

Нұр-Сұлтан қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының үкімімен Е.Ж.Увалеев пен А.Х.Жундугулова кінәлі ретінде танылды және қылмыстық жауапқа тартылды.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети