03 қыркүйек 2014 19:12

БЖЗҚ директорлар кеңесінің құрамы ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kapital.kz ©kapital.kz

"БЖЗҚ" АҚ-ның директорлар құрамы ауысты, - деп хабарлайды Twitter-дегі қордың жеке парақшасына сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.


"БЖЗҚ" АҚ-ның директорлар құрамы ауысты, - деп хабарлайды Twitter-дегі қордың жеке парақшасына сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

2014 жылдың 27 тамызында БЖЗҚ директорлары кеңесінің құрамы анықталды деп хабарланған. Қордың келтірген мәліметі бойынша, "БЖЗҚ" АҚ директорлар кеңесінің жаңа мүшесі болып Болатбек Қуандықов пен Асқар Елемесов тағайындалды.

"Осылайша бүгінгі таңда "БЖЗҚ" АҚ директорлар кеңесі мынандай құрамда қайтадан түзілді: Болатбек Қуандықов - ҚР Ұлттық банк төрағасы кеңесшісінің міндетін атқарушы, Дина Галиева - ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары, Ержан Қолдасов - ҚР Ұлттық банктің Қаржылық есеп және қаржылық операцияларды мониторингтеу департаментінің директоры, Эдуард Өтепов - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы, Майраш Көзжанова - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру департаментінің директоры" делінеді қор таратқан мәліметте.

Сондай-ақ БЖЗҚ-дағылар қордың жаңа тәуелсіз директоры ҚР Кәсіпкерлері ұлттық палатасы президиумының Қаржы секторы комитетінің төрағасы Асқар Елемесов болатындығын айтады. Онымен бірге бұл қызметті Стамбулдағы қор биржасының төрағасы Ибрагим Турхан мен "АТФБанк" АҚ басқармасының төрағасы Энтони Эспина жалғастырады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети