27 сәуір 2022 12:22

Инфляция әлі де өседі - Ұлттық банк басшысы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешім қандай жағдайларда қабылдануы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешім қандай жағдайларда қабылдануы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Базалық мөлшерлемені қандай деңгейде төмендетер едік. Біз макроэкономикалық көрсеткіштер, осы көрсеткіштер бойынша болжамдардың кең тізбесін және олардың бағаларға әсерін қарастыра отырып, базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдаймыз. Яғни, базалық мөлшерлеме бойынша болжамдар бағаның төмендегенін, қысым төмендейтінін көрсетсе, бәлкім, сыртқы нарықтарда да тұрақтану болса базалық мөлшерлемені төмендету туралы мәселені қарастыра бастаймыз. 

Бүгінде қазіргі шешім қабылдау кезінде базалық мөлшерлемені төмендету күн тәртібінде тұрған жоқ. Екінші тоқсанда инфляция өседі деп күтеміз. (...) Қазір базалық мөлшерлемені төмендету бұл дұрыс емес және негізгі мандатымызға қайшы келер еді", - деді Пірматов ОҚК-да өткен брифингте журналистер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, сыртқы нарықтардағы белгісіздік сақталып отыр.

"Біз геосаяси тәуекелдердің жүзеге асуы, әлемде, оның ішінде Қазақстанның сауда серіктестері елдеріндегі бағаның өсуі және олардың ішкі бағаларға ауысуы аясында инфляциялық қысымның артып отырғанын көріп отырмыз. Бұл жағдайда жылдық инфляция 12 пайызға дейін өсті. Бағаның өсуі барлық құрамдас бөлікте байқалады.

Қазір инфляцияның нақты тұрақты құрамдас бөлігінің айтарлықтай өскенін байқап отырмыз, ол табиғаты бойынша құбылмалылығы төмен және тек орта мерзімді перспективада қысқартылуы мүмкін. Бұған 2022 жылғы наурыздағы базалық инфляцияның әртүрлі бағалаулары дәлел", - деді Ұлттық банк басшысы.

Ұлттық банк басшысы базалық мөлшерлеме неге өскенін түсіндірді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети