Жәмішев қаржы министрі міндеттерін атқара алады - Назарбаев

18 Қараша 2015, 14:34
1
Жәмішев қаржы министрі міндеттерін атқара алады - Назарбаев - Болат Жәмішев. © pm.kz
Болат Жәмішев. © pm.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордадағы кеңейтілген отырыста қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың біліктілігіне күмәнмен қарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Назарбаев кеңейтілген отырыс барысында бұл ведомствоның басшысы қызметін қазір Қазақстан даму банкін басқарып отырған Болат Жәмішов жақсы атқаруы мүмкін деген пірін айтып қалды. 

"Егер бізде дұрыс қаржы министрі болса, ол қазынадағы әрбір тиынды бақылап отырар еді. Ал сен бере бердің, бере бердің. Мемлекет саған қазынаны тапсырды. Қазынаны бақылау үшін менің жеке өкілімсің", - деді Назарбаев.

"(...) Қаржы министрі мынандай болуы керек. Одан да Жәмішевті қою дұрыс болады. Ешкіммен сөйлеспейтін болады. Бәлкім ол біреулерге ұнамайтын шығар, маған да кейде ұнамайды. Бірақ оның тік мінезді екені анық. Мемлекет мүддесін де сақтайды", - деді Назарбаев.

Болат Жәмішев 2007-2013 жылдары ҚР қаржы министрі қызметін атқарған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай