20 қазан 2023 | 16:31

Катарлық инвестор Қазақстан банктерінің бірін сатып алуды жоспарлап отыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Freepik Freepik

Катарлық инвестор Bereke bank-ке (бұрынғы "Сбербанк") сатып алу үшін бағалау жүргізіп жатыр. Бұл туралы Мәжіліс отырысында Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта әлеуетті инвесторлар қатары анықталып жатыр. Солардың ішінде, күрделі жұмыс істелген мәміле - мемлекеттік Bereke банкін сату. Қазір катарлық инвесторлармен бірлесіп, дью-дилидженс процедурасы (инвестициялық нысанды кешенді бағалау – еск.) жүргізіліп жатыр", – деді агенттік басшысы.

Оның айтуынша, банкті бағалаған соң, құнын катарлық инвестор анықтайды.

"Келіссөздер жүріп жатқан кезде, өз тарапымыздан нарықтың тартымдылығын қамтамасыз ету, сонымен қатар қаржы нарығына кірудің жеңілдігін қамтамасыз ету мақсатында қыркүйекте банк заңнамасын қайта қарауды бастадық. Біз шетелдік банктердің ішкі нарыққа шығу шарттарын ырықтандыруды қалаймыз", - деп қосты Мәдина Әбілқасымова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.27   530.83   5.01 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети