Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығына арналған бақырлар шығару ұсынылды

24 Қазан 2014, 11:03
0
©gonzo.kz/Barkorn
©gonzo.kz/Barkorn

Қазақстанның Ұлттық банкіне қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығына арналған бақырларды шығару ұсынылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұндай бастаманы суретші Владимир Лукашовпен бірге бақырлардың дизайнын жасаған саясаттанушы Бақытжан Бұқарбаев көтерді. Ұлттық банк мұндай мүмкіндікті қарастыруға уәде берді.

"Естелік датаны мерекелеуге дайындықты бүгіннен бастау керек. Әлемдік тәжірибе көптеген елдер өз мемлекеттілігі құрметіне арнайы бақырлар шығарғанын көрсетеді", - деп жазды Бұқарбаев. Оның пікірінше, "егер Ұлттық банк 2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығына арналған бақырларды шығарса, бұл сондай бақырлардың қатарын лайықты түрде толтырар еді". Бұқарбаев пен Лукашов шақалардың дизайнын ұсынып отыр.

Ұлттық банк басшысының кеңесшісі Олжас Құдайбергенов бұл жөнінде: "Мен Интернет қолданушыларының мерейтойлық датаға арналған бақырлар дайындау туралы ұсынысын басшылыққа жеткіземін. Ұсыныстың мақұлдануы кәдік, бірақ техникалық жағынан оған біршама уақыт кетеді", - деп жауап берді.

"2013 жылғы сценарий қайталанбаса екен деймін, ол кезде Үкіметтің қаулысымен республика бойынша ұлы саясаткер Абылай ханның 300 жылдығы жоғары деңгейде тойлануы керек болды, бірақ іс жүзінде мерекелеу туралы ештеңе естілген жоқ, аймақтық сайттардың бірінде Көкшетауда бұл оқиғаға орай ат бәйгесі ұйымдастырылғаны туралы жаңалық қана пайда болды", - дейді Бұқарбаев. Бұған дейін саясаттанушының осы мәселе жөнінде Ұлттық банкке өтініш жасағаны хабарланған еді. Бірақ Ұлттық банк пост қазан айының соңында жарияланғанын, ал бақырлар шығарудың 2013 жылға арналған жоспары ертерек әзірленгенін айтты. 

Айта кетейік, ҚР Ұлттық банкі бұған дейін "Жылқы жылы" деген алтын және күміс бақырлар шығарған болатын. Олар 12 қырлы пішінде жасалған. Бақырлардың екеуінің де екі жағында тиісті бейнелері болды. Сонымен бірге, елдің қаржы реттеушісі мыс, никель мен мырыштың қоспасынан композитор, педагог, қоғам қайраткері Мұқан Төлебаевтың 100 жылдығына арналған бақырлар да шығарған еді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай