16 тамыз 2022 12:18

Қазақстан ЕАДБ-дағы Ресейдің үлесін сатып алу туралы мәмілені талқылап жатыр - министр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстан мен Ресей арасында Еуразиялық даму банкіндегі (ЕАДБ) ресейлік үлестің бір бөлігін сатып алу бойынша келіссөз жүргізіліп жатқанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің орынбасары - қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстан мен Ресей арасында Еуразиялық даму банкіндегі (ЕАДБ) ресейлік үлестің бір бөлігін сатып алу бойынша келіссөз жүргізіліп жатқанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер Жамаубаевтан Қазақстан ЕАДБ үлесін сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр ма және ол болашақта акциялардың бақылау пакеті иесі бола ма деп сұрады.

"Жалпы, мұндай риторика бар, оны жоққа шығармаймыз. Өйткені ол шынымен, жұмыс жағдайында талқыланып жатыр. Бірақ түпкілікті шешім жоқ, өйткені барлығы қандай үлес ұсынылатынына және басқа елдер, оның ішінде Қазақстан да белгілі бір үлесті сатып алуға дайын ба және бұл қаржы тұрғысынан қаншалықты қымбат болатынына байланысты. Ешқандай мерзім нақтыланбаса да, ЕАДБ қазір тұрақты жұмыс істеп тұр және әзірге бұл банкке санкциялар көп әсер етпейді", - деп жауап берді Жамаубаев Үкімет отырысында.

Еске салайық, бұған дейін Bloomberg агенттігі Еуразиялық даму банкі Қазақстанның бақылауына өтуі мүмкін екенін хабарлаған болатын. Агенттік мәліметінше, Ресей банкті санкциялардан қорғау үшін акцияларының бақылау пакетінен бас тартуды жоспарлап отыр. Ресей акциялардың 65,97 пайызына иелік етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети