Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты салынады

17 Маусым, 10:27
0
Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауыты салынады - © pixabay.com
© pixabay.com

Қазақстанда төртінші мұнай өңдейтін зауыт салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom сараптама орталығына сілтеме жасап. 

Энергетика министрлігі өкілдерінің хабарлауынша, 2020 жылдың соңында елімізде төртінші мұнай өңдеу зауыты ашылады. 

Сараптама орталығының мәліметінше, биыл 4 айда Қазақстанда 1,2 миллион тонна бензин өндірілді, оның ішінде авиациялық бензин - 9 пайызға көбейген, сонымен қатар 1,6 миллион тонна дизель отыны, бұл былтырғы көрсеткіштен 10,3 пайызға артық.

Бензинді ең көп өндірген Павлодар облысы: өндірістің 38,6 пайызы (жылына 472,1 тонна, -3,9 пайыз) және дизель отынының 41,4 пайызын (жылына 648,9 мың тонна, +4,7 пайыз) алады. Мұнда елдің ең қуатты мұнай өңдеу зауыттарының бірі - Павлодар мұнай-химия зауыты орналасқан.

Бензин өндірісінің 35,6 пайызын және дизель отынын шығарудың 25,3 пайызын Шымкент мұнай өңдеу зауыты қамтамассыз етті. Ал Атырау облысы бензин өндірісінің 24,6 пайызын және дизель өндірісінің 29,3 пайызын көрсетті. Мұнда Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ) жұмыс істейді.

Ақпарат бойынша, 2019 жылдың қаңтар-наурыз айының қорытындысы бойынша, қазақстандық өндірушілер бензинге сұраныстың 98,2 пайызын және дизель отынына 93,1 пайызын қамтамасыз етті. Өндірістің өсуі мен сектордағы импорт алмастыру саясатының арқасында бензин импорты бір жылда 94 пайызға, 16,7 мың тоннаға дейін қысқарды. Экспорт 11,2 есеге артты, алайда оның көлемі аз ғана, 665,9 тонна.

 

Сараптама орталығынң мәліметінше, төртінші мұнай өңдеу зауытын Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Алғабас ауылына жақын жерде салу жоспарланып отыр. Жобаның құны - 420 миллион АҚШ доллары. Жаңа мұнай өңдеу зауытына шикізаты Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнынан жеткізіледі. Жаңа зауыт құрылысына инвесторлар екі жыл уақыт керек дейді, ол 2020 жылдың соңына дейін іске қосылуы керек.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай