12 сәуір 2017 09:50

Қазақстандық миллиардердің туған күнін қалай өткізгені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алиджан Ибрагимов, Александр Машкевич пен Фаттох Шодиев Алиджан Ибрагимов, Александр Машкевич пен Фаттох Шодиев

Бірде қазақстандық, бірде ресейлік, ал кейде өзбекстандық миллиардер деп атайтын Патох (Фаттох) Шодиев 64 жасқа толуын Ташкенттегі жалғыз бес жұлдызды Hyatt қонақүйінде атап өтті. Мерекелік шара осы сенбіде, 8 сәуірде өткен, - деп жазады Uzmetronom басылымы жеке дереккөздеріне сілтеме жасап.


Бірде қазақстандық, бірде ресейлік, ал кейде өзбекстандық миллиардер деп атайтын Патох (Фаттох) Шодиев 64 жасқа толуын Ташкенттегі жалғыз бес жұлдызды Hyatt қонақүйінде атап өтті. Мерекелік шара осы сенбіде, 8 сәуірде өткен, - деп жазады Uzmetronom басылымы жеке дереккөздеріне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, VIP қонақтардың ішінде кәсіпкердің достары - Александр Машкевич пен Тельман Исмайылов болған. Бірақ Ресейдің бай адамдарының бірі әрі туған күн иесінің курстасы - Алишер Усманов онда келмеген. 

"Куәгерлердің айтуынша, кеште қонақтарды ресейлік эстраданың "жұлдыздары" күткен. Сондай-ақ, олигархты құттықтауға отставкаға кеткен және қазір жұмыс істеп жатқан ондаған өзбек шенеунігі кезекте тұрған. Бұған Шодиевтардың Өзбекстанға қайтып келуі жайлы өсектер себеп болған екен. Осылайша, келген қонақтар оған құрмет білдірмекші болған", - деп жазады мақала авторы Шодиевтардың марқұм Ислам Каримовпен жақсы қарым-қатынаста болмағанын айта отырып.


Forbes мәліметінше, Шодиевтың табысы 3,7 миллиард долларға бағаланады.

"Биографиялық мәліметтерге қарағанда, Шодиев туған күнін бір апта бұрын атап өткен. Бұл жаман әдет", - дейді басылым.

Айта кетейік, 2010 жылдың мамыр айының ортасында Желіде Фаттох Шодиевтың қызы - Сабира Шодиеваның Монакода өткізген тойы жайлы хабарланған болатын. Ресейлік ақпарат құралдарының мәліметінше, сол кезде залды гүлдермен безендірудің өзіне отбасы 250 мың еуро жұмсаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети