04 мамыр 2015 16:46

Кеңес Рақышев Нұржан Сұбханбердиннен Қазкомның 7,22 пайыз акциясын сатып алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz иллюстрациясы Tengrinews.kz иллюстрациясы

Қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев Қазкомның тағы бір ірі акционері Нұржан Сұбханбердиннен банктің жай акцияларының 7,22 пайызын сатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚКБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстандық кәсіпкер Кеңес Рақышев Қазкомның тағы бір ірі акционері Нұржан Сұбханбердиннен банктің жай акцияларының 7,22 пайызын сатып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚКБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, Кеңес Рақышевқа Казкомның 57544959 дана көлеміндегі жай акциясы берілді. Келісім нәтижесіне сәйкес, ол Қазкомның 23,24 пайыз немесе 185322663 дана акциясының иесі атанды. Өз кезегінде, Сұбханбердиннің үлесі 11,42 пайызға немесе 91121042 дана акцияға тең болды. "Орталық Азиялық инвестициялық компания" АҚ үлесі 23,27 пайызға тең. Айта кетейік, Сұбханбердин ОАИК акцияларының 87,21 пайызының иесі. "ОАИК үлесі арқылы жанама түрде тиесілі акцияларды ескерумен, бақылаудағы акциялардың жалпы үлесі - 37,87 пайыз", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Өз кезегінде, ОАИК сенімгерлік басқаруы "Самұрық Қазынаға" тиесілі Қазкомның акцияларынан тұрады. "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ-нан сенімгерлік басқаруға алынған акцияларды (56 324 076 дана) ескерумен, бақылаудағы акциялардың жалпы саны - 241 885 810 жай акция (жалпы үлесі - 30,33 пайыз)", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ 10,72 пайыз акцияға иелік етеді. Сонымен қатар, Alnair Capital Holding АҚ-ның 28,08 пайыз акцияға иелік ететіні де хабарланып отыр. Тағы 3,27 пайыз акция миноритарлық акционерлер қолында.

Бұған дейін Кеңес Рақышевтің Қазкомның 127777704 дана жай акцияларын сатып алып банктің жаңа ірі акционері болғаны анықталды. Соның нәтижесінде, оның үлесі 16,02 пайызға тең болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети