ҚР Ұлттық банкі ©Ярослав Радловский
"Отандық банктерді проблемалық несиелерді жоюға ынталандыру үшін монетарлық саясатты жұмсарту өзектілігі айқын сезіліп тұр" дейді Freedom Finance инвестициялық компаниясының корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі басқарма бастығы Сәкен Өсер. Бұл ақпаратты жария еткен Tengrinews.kz тілшісімен әгімесінде Сәкен Өсер, сондай-ақ "таяу болашақта тәуелсіз қарыздарды қор нарығына орналастыру қажет болады, ал ол кезге дейін банк жүйесі ахуалының қандай болатындығы тікелей сол қор нарығындағы жағдайға байланысты" дейді. Айта кетейік, маман "жалпы алғанда, әлемдік трендтегідей банк секторы бағалы қағаздарының құнын қалпына келтіру мәселесіне қатысты айтсақ, отандық банктер акциялары бізде жете бағаланбай отыр" деп санайды. "Мәселен, "БанкЦентрКредит" АҚ акцияның теңгерімдік бағасынан 30 пайызға ауытқыса, "Казкоммерцбанк" АҚ 35 пайызға бірақ түскен. Мұндай нарықтық диспропорцияны біз, менің ойымша, монетарлық саясатты жұмсарту арқылы ғана реттей аламыз", - дейді сарапшы. Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтың жуырда "банктер коллекторларды тартуды әдетке айналдырып алды" деген еді. Оның айтуынша, дағдарыстан кейінгі аумалы-төкпелі кезеңде банктер негізгі міндеттеріне жатпайтын жұмыстармен айналысып кетті. Алайда оған енді жол берілмейтіндігін де қатаң ескертті ол. Бас банкир Пролемалық несиелер қорының жұмысын да қатты сынға алды, яғни аталған қор мерзімі өткен несиелерді мүлде сатып алмаған. "Өйткені, банктердің өздері, қор ұсынып отырған дисконт өте жоғары", - дейді ол. Ал "Golden Hills-КапиталЪ АМ" инвестициялық компаниясы сараптамалық департаментінің бастығы Наталья Самойлова "банктер коллекторлықпен айналысып кетті" деген пікірмен келіспесе де, банктердің проблемалық активтер бағасын түсіргілері жоқ екендігін мойындап отыр. "Қиындық туғызып отырған қарыздарды сатудың дәстүрлі тәсілінің өзі "дисконтты" "мақұлдаған" болар еді және де ірі көлемде. Тіпті кейде 50 пайызға дейін түсіру тәжірибеде болып тұратын құбылыс. Банктердің талап қойып отырғандай 5 пайызы еш мәселені шешпейді" деп атап өтті Наталья Самойлова. Маманның "қазіргі жағдайда Ұлттық банктің бұл мәселені шешуге мүмкіндігі жетерлік. Бұл ретте олар проблемалы несиелерге шектеу қойса деймін. Немесе банк секторын стресс-тестілеуден өткізу керек. Сонда сөз болып отырған қарыздарды жоюдың үдерісін жеделдетіп болмаса борышкерлермен жұмыстың дұрыс жолға қойылуы әбден мүмкін. Менің ойымша, осы түйінді түйткілді оң шешудің ең ұтымды жолы – қарызды қайтарудың жолдарын борышкерлерге тиімді болатындай жеңілдету. Қысқасын айтқанда, әрбір борышкердің әлеуметтік статусын қайта қарау керек сияқты. Сөз жоқ, әсіресе кепіл қойып, несие алғандар қандай да бір мәмілеге келуге қарсы емес" деген сөзінің жаны бар. Ал "ФИНАМ" инвестициялық холдингінің сарапшысы Антон Сороко не дейді? "Банктер бас қатырып отырған активтерін тек Ұлттық банк несие нарығының талаптарын күшейткен жағдайда ғана жояды. Реттеуші белгілеп отырған шектеулер аясындағы жалпы көрсеткіштерді ұстап тұру үшін олар бірінші кезекте үмітсіз активтерінен құтылуы керек болады. Екінші жағынан, мұндай жағдайда сегмент қарқыны күрт бәсеңдейді. Ал бұл өз кезегінде нақты секторға әсер етпей қоймайды". Дей тұра, сарапшының пікірі "Проблемалық несиелер қорының барлық қарыздарды сатып алуынан не пайда, олар деген басыбайлы Ұлттық банктің еншілес ұйымы болса? Әлбетте, олар мүдделес. Менің болжауымша, егер әлемдік нарықтағы жағдай өзгермей, бірнеше жыл қатарынан тұрақты тұрса ғана банктер сөз болып отырған қормен жұмыс істеулері мүмкін" дегенге сайды. "Кредит портфелін тазарту үшін Қазақстан коллекторлар туралы заң қабылдағаны дұрыс. Қалай деген де бұл мәселені тек өркениет жолымен ғана шешуге болады. Мүмкін проблемалық қарыздарды арнайы бір салаға беру керек шығар. Кезінде мұндай қиындықпен "Қазақстанның даму банкі" бетпе бет келген болатын. Алайда жатып қалған қарыздардың қаншалықты шығын әкелетіндігін мойындаған олар, портфелдерін аз ғана уақыт аралығында тазартып үлгерді". Бұл - Инвестициялардың тиімділігін зерттеу жөніндегі агенттіктің аға сарапшысының сөзі.
"Отандық банктерді проблемалық несиелерді жоюға ынталандыру үшін монетарлық саясатты жұмсарту өзектілігі айқын сезіліп тұр" дейді Freedom Finance инвестициялық компаниясының корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі басқарма бастығы Сәкен Өсер. Бұл ақпаратты жария еткен Tengrinews.kz тілшісімен әгімесінде Сәкен Өсер, сондай-ақ "таяу болашақта тәуелсіз қарыздарды қор нарығына орналастыру қажет болады, ал ол кезге дейін банк жүйесі ахуалының қандай болатындығы тікелей сол қор нарығындағы жағдайға байланысты" дейді.
Айта кетейік, маман "жалпы алғанда, әлемдік трендтегідей банк секторы бағалы қағаздарының құнын қалпына келтіру мәселесіне қатысты айтсақ, отандық банктер акциялары бізде жете бағаланбай отыр" деп санайды. "Мәселен, "БанкЦентрКредит" АҚ акцияның теңгерімдік бағасынан 30 пайызға ауытқыса, "Казкоммерцбанк" АҚ 35 пайызға бірақ түскен. Мұндай нарықтық диспропорцияны біз, менің ойымша, монетарлық саясатты жұмсарту арқылы ғана реттей аламыз", - дейді сарапшы.
Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовтың жуырда "банктер коллекторларды тартуды әдетке айналдырып алды" деген еді. Оның айтуынша, дағдарыстан кейінгі аумалы-төкпелі кезеңде банктер негізгі міндеттеріне жатпайтын жұмыстармен айналысып кетті. Алайда оған енді жол берілмейтіндігін де қатаң ескертті ол. Бас банкир Пролемалық несиелер қорының жұмысын да қатты сынға алды, яғни аталған қор мерзімі өткен несиелерді мүлде сатып алмаған. "Өйткені, банктердің өздері, қор ұсынып отырған дисконт өте жоғары", - дейді ол.
Ал "Golden Hills-КапиталЪ АМ" инвестициялық компаниясы сараптамалық департаментінің бастығы Наталья Самойлова "банктер коллекторлықпен айналысып кетті" деген пікірмен келіспесе де, банктердің проблемалық активтер бағасын түсіргілері жоқ екендігін мойындап отыр. "Қиындық туғызып отырған қарыздарды сатудың дәстүрлі тәсілінің өзі "дисконтты" "мақұлдаған" болар еді және де ірі көлемде. Тіпті кейде 50 пайызға дейін түсіру тәжірибеде болып тұратын құбылыс. Банктердің талап қойып отырғандай 5 пайызы еш мәселені шешпейді" деп атап өтті Наталья Самойлова.
Маманның "қазіргі жағдайда Ұлттық банктің бұл мәселені шешуге мүмкіндігі жетерлік. Бұл ретте олар проблемалы несиелерге шектеу қойса деймін. Немесе банк секторын стресс-тестілеуден өткізу керек. Сонда сөз болып отырған қарыздарды жоюдың үдерісін жеделдетіп болмаса борышкерлермен жұмыстың дұрыс жолға қойылуы әбден мүмкін. Менің ойымша, осы түйінді түйткілді оң шешудің ең ұтымды жолы – қарызды қайтарудың жолдарын борышкерлерге тиімді болатындай жеңілдету. Қысқасын айтқанда, әрбір борышкердің әлеуметтік статусын қайта қарау керек сияқты. Сөз жоқ, әсіресе кепіл қойып, несие алғандар қандай да бір мәмілеге келуге қарсы емес" деген сөзінің жаны бар.
Ал "ФИНАМ" инвестициялық холдингінің сарапшысы Антон Сороко не дейді? "Банктер бас қатырып отырған активтерін тек Ұлттық банк несие нарығының талаптарын күшейткен жағдайда ғана жояды. Реттеуші белгілеп отырған шектеулер аясындағы жалпы көрсеткіштерді ұстап тұру үшін олар бірінші кезекте үмітсіз активтерінен құтылуы керек болады. Екінші жағынан, мұндай жағдайда сегмент қарқыны күрт бәсеңдейді. Ал бұл өз кезегінде нақты секторға әсер етпей қоймайды".
Дей тұра, сарапшының пікірі "Проблемалық несиелер қорының барлық қарыздарды сатып алуынан не пайда, олар деген басыбайлы Ұлттық банктің еншілес ұйымы болса? Әлбетте, олар мүдделес. Менің болжауымша, егер әлемдік нарықтағы жағдай өзгермей, бірнеше жыл қатарынан тұрақты тұрса ғана банктер сөз болып отырған қормен жұмыс істеулері мүмкін" дегенге сайды.
"Кредит портфелін тазарту үшін Қазақстан коллекторлар туралы заң қабылдағаны дұрыс. Қалай деген де бұл мәселені тек өркениет жолымен ғана шешуге болады. Мүмкін проблемалық қарыздарды арнайы бір салаға беру керек шығар. Кезінде мұндай қиындықпен "Қазақстанның даму банкі" бетпе бет келген болатын. Алайда жатып қалған қарыздардың қаншалықты шығын әкелетіндігін мойындаған олар, портфелдерін аз ғана уақыт аралығында тазартып үлгерді". Бұл - Инвестициялардың тиімділігін зерттеу жөніндегі агенттіктің аға сарапшысының сөзі.