19 қазан 2016 12:30

Qazaq Banki-нің басқарма төрағасы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© qazaqbanki.kz © qazaqbanki.kz

Qazaq Banki-нің басқарма төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Qazaq Banki-нің басқарма төрағасы тағайындалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қазанда директорлар кеңесі тәуелсіз директор Ғани Тоқсанбаевты 24 қазаннан бастап банк басқармасының төрағасы етіп тағайындау шешімін қабылдады. Төраға қызметін уақытша атқарушы Ерлан Келімбетов бұрынғы қызметіне оралды (басқарма төрағасының орынбасыры).

Ғани Тоқсанбаев Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша тәмәмдаған. Вирджиния университеті халықаралық мектебінде магистр дәрежесін алды және Оксфорд университетінің заң практикасы институтын бітірді.

Әр жылдары Ғани Тоқсанбаев Әділет министрлігінде, "Ұлттық заң қызметі" ЖАҚ, Dentons халықаралық заң компаниясында қызмет атқарды, Лондон мен Қазақстанда Credit Suisse банкінің вице-президенті болған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети