Sinоoil компаниясының тегін бензин тарататыны рас па?

08 Шілде 2018, 17:47
0
Sinоoil компаниясының тегін бензин тарататыны рас па? - Иллюстрация © seyminfo.ru
Иллюстрация © seyminfo.ru

Sinоoil мамандары тегін бензинге купон беру туралы хабарламаны жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мессенджерлерде 20 жылдыққа орай Sinоoil компаниясының тегін бензинге купондар беретіні туралы хабарлама тарады.

"СИНОИЛ АЖҚС 20 жылдыққа орай 500 литр АИ-95 бензиніне купон береді! Асығыңыз, купондар саны шектеулі. Акция дүйсенбіге дейін жалғасады", - делінген хабарламада.

Компанияның сайтында бұл хабарламаның жалған екені айтылған.

"Sinooil ЖШС хабарлайды, әлеуметтік желілерде тараған компанияның 20 жылдығына орай купон беру туралы акцияның "Sinooil" ЖШС компаниясына ешқандай қатысы жоқ және бұл алаяқтық. Егер ол хабарлама сіздің номеріңізге келген болса, сілтемеге кірмеуді және оны таратпауды сұраймыз. "Sinooil" ЖШС ондай акцияларды өткізбейді", - деді компаниядағылар.

Айта кетейік, биыл маусым айының соңында осыған ұқсас хабарлама әлеуметтік желіде тарады. Ол кезде "Газпром" компаниясының 25 жылдығына орай бензиннің тегін берілетіні туралы хабарлама Whatsapp арқылы тарады. Оған дейін "ҚазМұнайГаз" компаниясының бензинді тегін тарату туралы ақпаратты жоққа шығаруына тура келді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай