08 қазан 2014 12:46

Спорт әлеміндегі ең қымбат брендтер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©wallimgs.com ©wallimgs.com

Forbes 2014 жылдың спорттағы ең қымбат брендтерін атады, - деп хабарлайды Газета.ru.


Forbes 2014 жылдың спорттағы ең қымбат брендтерін атады, - деп хабарлайды Газета.ru.

Ең қымбат брендтердің рейтингі төрт санаттан тұрады: спортшылар, компаниялар, оқиғалар мен командалар. Спортшылар тізімінде бірінші орынды баскетболшы Джеймс Леброн иеленді, журналдың бағалауынша, брендтің құны - 37 миллион доллар. Одан кейінгі орындарда гольшы Тайгер Вудс - 36 миллион доллар және теннисші Роджер Федерер (32 миллион) тұр. Вудс 2007 жылдан бері тұңғыш рет рейтингтің алғашқы орнынан төмен сырғыды.

Ең қымбат брендтер тізімінің төртінші орны гольфшы Фил Микельсонға тиді, құны - 29 миллион доллар, бесінші орында - крикетші Махендра Сингх Дхони - 20 миллион. Рейтингтің алғашқы ондығына жеңілатлет Усейн Болт, футболшы Криштиану Роналду, баскетболшы Коби Брайант, футболшы Лионель Месси және теннисші Рафаэль Надаль еніп отыр.

Спорттық компаниялар арасындағы ең қымбат брендтер тізімінің алғашқы үш орны құны 19 миллиард доллар болатын Nike, 16,5 миллиард доллар тұратын ESPN және 5,8 миллиард доллар тұратын Adidas компанияларына тиесілі. Ең бағалы спорттық шаралар рейтингінің алғашқы орындарына Супер Боул (құны - 500 миллион доллар), Жазғы Олимпиада ойындары - 348 миллион, Қысқы Олимпиада ойындары - 285 миллион және Футболдан әлем чемпионаты (170 миллион) шығып отыр.

Ең қымбат брендтер тізімінің командалар санатына "Нью-Йорк Янкиз" - 521 миллион доллар, "Барселона" (438 миллион), "Даллас Ковбойз" (404 миллион) және "Манчестер Юнайтед" (399 миллион) енді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети