Raim & Artur танымалдық, отбасы және гонорар жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

07 Желтоқсан, 19:07
1

Жастардың сүйікті әншілеріне айналған Артур мен Райым Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Музыканттар танымалдықтан кейін өмірдің қалай өзгергені, отбасы және гонорары туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, олар алдағы жоспарларын айтып берді.

"Алдағы уақытта тағы бір хит ән шығару жоспарда бар. Қазір 7-8 өлең бар. Біз ешқашан жоспарлаймыз. (...) Бір айда 5-6 трек шығаруға болады. Барлығы шабытқа байланысты", - дейді әншілер.

Бұдан бөлек, Артур мен Райым алғашқы табысы мен қазіргі уақытта алатын гонорары жайлы сұрақтарға жауап берді. Айтуларынша, олардың қазіргі гонорары шамамен 3 000 доллардан асады.

Сонымен қатар, әншілер аралас тілдегі әндеріне қатысты айтылып жүрген сын-пікірлер туралы пікір білдірді.

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасында театр және кино актері Дәурен Серғазин, танымал әнші Қарақат Әбілдина, қазақстандық вайнер Серғазы Тоқтарбек, әнші Мейрамбек Бесбаев, актер Шәріп Серік, әнші Айқын Төлепберген, Нобель сыйлығын жеңіп алған үш әйелдің бірі Тавакул Карман, Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова, Арменияның бірінші ханымы Нунэ Саркисян, білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қонақ болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай