Қарақат Әбілдина Интернеттегі сын-пікірлер, достық және жоспары жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Танымал әнші Қарақат Әбілдина Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Танымал әнші Қарақат Әбілдина Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық әнші әрі тележүргізуші өміріндегі соңғы жаңалықтарға тоқталды. Айтуынша, ол өмірінде екі рет шок алған. Біріншісі медреседе құран оқытып, кеш ұйымдастырған соң дау-дамайдың шығуы болса, екіншісі Ырза Тұрсынзадамен болған дау екен. Әбілдина ол кісінің көздегені тек PR дейді.

"(...) Кез келген таяқтың екі ұшы болады демекші, бұл танымалдықтың да екінші ұшы өзіне таяқ болып тиеді. Бірақ жаратқан Алла бар, көруші, естуші, барлығына төреші - жалғыз Алла. Сол кезде мен өзімді бірінші кезекте сабырға шақырдым", - дейді әнші.

Осындай қиын сәттерде әншіге жолдасы Қыдырәлі Болманов қолдау көрсетіпті. Ал достары жайлы сұраққа Әбілдина шынайы достары өнерден емес екенін, көбі бала кезден келе жатқандары екенін айтты.

Бұдан бөлек әнші телевизия жайлы және желілерде айтылып жатқан сын мен пікірлерге қалай қарайтынын айтты.

Сұхбат соңында Қарақат Әбілдина Денсаулық сақтау министрлігінің елшісі болып тағайындалғаннан кейін енді нақты немен айналысатынын айтып берді.

Қыдырәлі Болманов Ырза Тұрсынзадамен дауы, бизнесі және бала тәрбиесі жайлы. Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир"

Бұған дейін Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасында қазақстандық вайнер Серғазы Тоқтарбек, әнші Мейрамбек Бесбаев, актер Шәріп Серік, әнші Айқын Төлепберген, Нобель сыйлығын жеңіп алған үш әйелдің бірі Тавакул Карман, Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова, Арменияның бірінші ханымы Нунэ Саркисян, білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева, мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қонақ болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты - танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

YouTube-арнамызға жазылуды ұмытпаңыздар.
Ләйлә Сұлтанқызы FacebookInstagram және Telegram желісінде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course up  533.94  course up  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer