16 мамыр 2016 10:02

The Spirit of Tengri фестивалінде DJ Нариман Исенов якуттың "Айархаан" тобымен бірге өнер көрсетеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық танымал диджей Нариман Исенов Алматыда өтетін халықаралық заманауи этно-музыкалық фестивалінде якуттың "Айархаан" тобымен бірге өнер көрсетеді.


Қазақстандық танымал диджей Нариман Исенов Алматыда өтетін халықаралық заманауи этно-музыкалық фестивалінде якуттың "Айархаан" тобымен бірге өнер көрсетеді.

Этно-топтың көшбасшысы - хомусшы Альбина Дегтярева. Ол ұлттық хомус аспабын 2 жасынан меңгерген. Топтың репертуарында тек хомуста ойналған әуендер емес, сонымен қатар якуттың қайталанбас әндерін тыңдауға болады. Музыканттар табиғаттың дыбысы және түрлі жануар мен құстың дауыстарын келтіре алады.

Нариман Исенов тыңдармандарын осыған дейін де өзінің ерекше туындыларымен қуантып жүрді, бұл жолы да ол мәдениеттердің ынтымақтастығын көрсетуді жоспарлап отыр.

"Бағдарлама қызық болады. Бұл жолы біз басқа әндермен өнер көрсетеміз. Көрермендердің сезіміне әсер ететін әуендер орындалады. Мен этникалық музыканы сүйетін болғандығымнан, көмеймен ән айту көрермендерге қызығырақ болады деп ойлаймын", - деді музыкант.


Нариман Исенов. © Николай Колесников

"Айaрхаан" этно тобының музыкасы мен әндері - бұл табиғат пен саздылықтың, ескілік пен заманауилықтың үйлесімі. Мұнда өмірдің, мәңгіліктің және бүкіл әлемнің дыбысы естіледі."Айархаан" тобының репертуарында тек хомуста ойналған әуендер емес, якуттың қайталанбас әндері де бар. Олардың орындауын авангард якут хомусы деп сипаттайды.

"Алматы тыңдармандарымен кездесуді асыға күтіп отырмыз. Көрермендерге якут хомусының дыбысын, оның тынысын, заманауи ырғақпен үйлесімін көріп-есту қызық болар деп ойлаймын. Біз классикалық композицияларды орындаймыз, сонымен қатар Якутия тыс жерде орындалмаған туындыларымызды тамашалайсыздар. Этникалық музыка бүкіл әлемде таралған. Ол музыка барлық ұлтқа жақын әрі түсінікті", - деді топтың мүшесі Альбина Дегтярева.

Екі күндік халықаралық заманауи этно-музыкалық The Spirit of Tengri фестивалі 4-5 маусымда open-air үлгісінде Республика Сарайы алдындағы Абай алаңында өтеді. Әр қатысушы ұлттық аспаптардың жанды дауысын естіп қана қоймай, бірегей табиғаттың үні мен этнофольклорлық музыканы тыңдай алады. Концерт сағат 17.00-де басталады. Қонақтарға кіру тегін. Жобаны ұлттық Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырды. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өткізіліп, Алматы қаласының 1000 жылдығына арналады. Ал фестивальдің бас серіктесі - Kaspi.kz. Фестивальге техникалық көмек көрсететін - KZ Sound компаниясы, ресми әуе тасымалдаушы - AirAstana. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети