The Spirit of Tengri фестивалінде тұңғыш рет Shono тобы бурят эпосын орындайды

31 Наурыз 2017, 08:44
0
The Spirit of Tengri фестивалінде тұңғыш рет Shono тобы бурят эпосын орындайды -

Бурят халқының Shono этно-тобы алғаш рет Алматыдағы The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалінің мерейтойында өнер көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Музыканттардың айтуынша, бурят тілінен аударғанда "Shono" сөзі "қасқыр" дегенді білдіреді. Аңыздарға сүйенетін болсақ, бурят халқының ата-тегі қасқырлар.

Айта кетейік, Shono тобы 2014 жылы құрылған. Топтың репертуарында халық арасында таралған аңыз әңгімелер мен эпостар бар. Оларды мульти-аспапшы Александр Архинчев орындайды. Сондай-ақ, музыкант көмеймен ән айтып, бурят және моңғол халықтарының дәстүрлі аспаптарында өнер көрсете алады екен: морин-хууре, сух-хуре, лимбе, хомусе-гембарде және тағы да басқа дәстүрлі асаптарда. Сондықтан да олар Shonо тобының көшбасшысын "оркестр адам" деп атайды екен. Олардың айтуынша, Александр Архинчевтің қолында кез келген музыкалық аспап ерекше дыбысталады.

2016 жылдың қаңтар айында Shono тобы "Hunters" ("Аңшылар") деген альбом шығарды. Альбомдағы көмеймен және электрлік гитарамен, баспен және барабанмен айтылған әндер, сонымен қатар, бурят халқынының ұлттық аспаптарында орындалған әндер ерекше әсер береді. Осылайша, топтың репертуарында көшпенді әдет-ғұрып пен ауыр рок үйлестірілген.

The Spirit of Tengri фестивалінің музыканттарымен жұмыс істеп жүрген маман Алдияр Жекешовтің айтуынша, фестивальдің ұйымдастырушылары бес жыл ішінде 80 топпен жұмыс істеген. Сондай-ақ, ол Shono тобының өнер көрсетуінің ерекше оқиға екенін айтып өтті.

"Биыл біз фестивальді ерекше етіп өткізгіміз келіп, осындай танымал орындаушыларды шақыруды шештік. Олар өте ерекше адамдар, тамаша әртістер. Әншілердің барлығы түрлі аспаптарда өнер көрсете алады, әсіресе, топтың солисі барлық аспапта ән орындайды және ол көмеймен ән айтудың шебері. Музыка орындау техникасы, әнді жеткізуі, әннің дыбысталуы - бұл бір тамаша", - деді Жекешов топ жайлы.

Этникалық топтың бас гитарашасы Владимир Сидоров Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Shono тобының Иркутск қаласында құрылғанын айтты. Музыкант Александр Архинчевпен көмеймен ән айту курсында танысып, кейін бірге өнер көрсетуді шешкен.

"Мен музыкаға бұрыннан бері қызығатынмын. Үнемі этникалық музыкаларға және ұлттық аспаптарға қызығатынмын. Өзім варган аспабында өнер көрсетемін. Бірақ бұл топты менің бірінші этно-тобым деп айтуға болады. Александр Архинчев Иркутск қаласына Улан -Удэден келді. Чайковский атындағы өнер колледжінде оқыды. Сол кездің өзінде ол досымен бірге этникалық әндерді орындап жүрді, тіпті шетелге Францияға бірге барып жүрді. Саша Иркутсктен келген соң шығармашылығын Shono тобы деп атап, жалғастыра беру туралы идея келді", - деді бас гитарашасы Владимир Сидоров.

Бас гитарашаның айтуынша, композияларды ойлап табу процестері түрлі жағдайда өтеді. Кейде тобымыздың басшысы дайындық кезінде 90-95 пайызға дайын тақырыптарды ұсынады. Ал кейде әрбір музыкант өзі ойлап табады.

"Стиліміз жайлы айтатын болсақ, мен біздің стильді этно-фьюжн деп атар едім. Біз соққылардың дыбысынсыз-ақ ойнай аламыз. Мысалы, оны акустикалық ете аламыз. Мұны енді этникалық рок музыка деп айта алмаймыз. Біз орындап жатқан аңыз әңгімелер не жайында екенін айтатын болсақ, онда әдеттегідей жақсылық пен жамандық арасындағы күрес айтылады. Әрине, ол жерде әрдайым жамандық жеңеді", - деді бас гитарашы.

Еске сала кетейік, фестивальдің мерейтойы 2017 жылдың 20-21 мамыр аралығында Абай атындағы Республика сарайында open-air форматында өтеді.

"Біз биыл осы фестивальге баратынымызға, тамаша Алматы қаласына баратынымызға қатты қуанып отырмыз. Барлықтарыңыз келіңіздер! Расында да сіздерді көруге қуаныштымыз. Шынымды айтсам, осы кездесуді қатты күтіп отырмын. Бұл мен үшін бір жаңа дүние болмақ. Мен бірінші рет Қазақстанды көремін. Расында да асыға күтемін", - деді Сидоров.

Еске салайық, қазіргі заманғы этникалық музыканың Қазақстандағы тұңғыш халықаралық фестивалі - The Spirit of Tengri 2013 жылдың 8 маусымында бірінші рет өткен болатын. Оған 11 музыкалық ұжым қатысты. Арасында "Алдаспан", Hapanasasa топтары мен Найя, Қорлан сияқты орындаушылар болды. Фестивальді рок-сахнаның отандық ардагері - "Роксонаки" тобы ашты. Ал былтыр фестивальге 9 мемлекеттен 13 топ қатыcқан еді. Олардың ішінде: Baba Zula (Түркия), "Айирхаан" (Якутия), TRAD.ATTACK! (Эстония), Huun Huur Tu (Тыва), DJ Rizzo (АҚШ), "Арғымақ" (Башқұртстан), Екатерина Ямщикова (Башқұртстан), Tilla Török's Band & Holdviola (Венгрия), "Алдаспан" (Қазақстан), DJ Нариман Исенов (Қазақстан), "Тиграхауд" (Қазақстан), Roksonaki (Қазақстан) және Sintas (Қытай), "Барабаны Алматы" жобасы мен Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияның домбырашылары.

Фестивальдің бас серіктесі - Kaspi.kz. The Spirit of Tengri фестивалі Алматыда open-air форматында Абай атындағы Республика сарайында 20-21 мамырда өтеді. Шара Алматы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Фестивальге техникалық қолдауды KZ Sound компаниясы көрсетеді. Кіру тегін.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай