Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

The Spirit of Tengri фестиваліне қатысатын шетелдік музыканттар шараның ауқымдылығына таңғалды

06 Маусым 2015, 01:26
1
© Николай Колесников
© Николай Колесников
© Николай Колесников
© Николай Колесников

Халықаралық The Spirit of Tengri фестивалінің кейір қатысушылары өз елінің мәдениетін мыңдаған көрерменге таныстыру үшін алғаш рет Қазақстанға келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Музыканттар фестивальдің ауқымдылығы мен қатысушылардың көптігіне таңғалды.

Бейжіңнен келген Hanggai тобы этнорокта ойнайды. Hanggai сөзі моңғол тілінен шыққкан, ол биік таулар, түрлі өзендер, табиғи ландшафтар мен шексіз дала деген мағынаны білдіреді. Топ музыкант Ичидің көмеймен әуен ойнай бастап, ұлттық мәдениетін меңгеру мақсатында Моңғолияны аралағаннан кейін құрылған. Ол жерде музыкант көмеймен айту өнерін үйреніп, халықтың көне әуендерін жинай бастады. Моңғолияда ол Hugejiltu (Хугейлту) және Bagen(Баген) топтарының болашақ мүшелерімен танысты. Музыканттар Моңғолия мен оның мәдениетін насихаттап жүр. Ұлттық әуенді олар рокпен, еуропалық музыкамен араластырып, моңғолдардың апабы моринхууремен ойнайды.

"Біз Қазақстанға алғаш рет келдік. Біздің түп-тамырымыз ортақ және біз осы елге келіп моңғол әндерін орындағымыз келді. Көп елді араладық, көрермендердің мұндай әуенге деген көзқарастарын байқадық. Жүректен шыққан бұл әуен тыңдармандар үшін жаңа дүние. Бұл фестиваль адамдарды біріктіреді деп ойлаймыз. Ұйымдастыру жағы тамаша, әр фестивальдің өзіндік стилі бар", - деді қытайлық музыканттар дайындықтан кейін.

Фестивальге 2014 жылы құрылған TRAD.ATTACK атты эстониялық жас ұжым қатысады. Олардың әнжинақтары сәтті жазылған. Топтың тыңдармандары күн санап артып келеді. Музыканттар Ресей мен тағы бірнеше елдерде танымал.

"Қазақстанға алғаш келіп отырмыз. The Spirit of Tengri сияқты фестивальдің дәл осы жерде өтетініне таңғалдық. Бізге сіздердің дәстүрлеріңіз бен мәдениеттеріңіз жақын. Өнерімізді көрсетуге мүмкіндік алғанымыз үшін қуаныштымыз. Алаңда көп адам жиналса жақсы болар еді. Бұл фестиваль ерекше серпінмен өтеді деп ойлаймыз", - деді музыканттар.

Айта кетейік, ұжым концертке дайындалып жатыр. Мұндай жетістіктермен олар этникалық музыканы әлемдік сәнге айналдыруға тиіс. TRAD.ATTACK дәстүрлі әнге деген қатынастарымен, энергетикаларымен ерекшеленеді. 

Еске сала кетейік, The Spirit of Tengri фестивалі Алматыдағы Республика Сарайы алдында 6 және 7 маусым күндері өтеді. Кіру тегін. Концертті Tengri FM радиостанциясы басты серіктес Kaspi Bank-пен бірге ұйымдастырып жатыр. Көрермендер алдында 11 елдің өнерпаздары өнер көрсетеді: Венгрия, Түркия, Грузия, Қытай (Ішкі Моңғолия), Эстония, Горная Шория, Тува, Башқұртстан, Бурятия, Норвегия және Қазақстан. Елімізден "Алдаспан" және "Шарапат" топтары қатысады. Сонымен қатар, "Арқайым" мен "Тиграхауд" топтары да өнер көрсетеді. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының атынан хор қойылады.

Айта кетейік, танымал этномузыкант Еділ Құсайынов 6 және 7 маусымда Алматыда өтетін халықаралық Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестиваліне қатысады. Орындаушы сахнаға этноджазда ойнайтын Satzhan Project тобымен бірге шығады.

Биыл эстониялық TRAD.ATTACK! тобы, қытайлық Hanggai және венгриялық әнші Тилла Торок HoldViola тобының құрамында өнер көрсетеді. Сонымен қатар, сахнаға әлемге белгілі Мари Бойне Персенмен норвегиялық Nordiс тобы да шығады. Олар Namgar ұжымымен бірге өнер көрсетеді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай