07 маусым 2015 21:13

The Spirit of Tengri: Таулы Шорияның көмеймен айту өнері Қазақстанның электронды музыкасымен жарасым тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Николай Колесников ©Николай Колесников

Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық The Spirit of Tengri заманауи этникалық музыка фестивалінің екінші күнінде Таулы Шорияның көмеймен айту өнері Қазақстанның электронды музыкасымен жарасым тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Орталық Азиядағы ең ірі фестивальдің көрермендері әнші Чылтыс Таннағашева мен DJ Нариман Исеновтың өнерінен ләззат алды. Концерт Республика Сарайы алдындағы алаңда өтіп жатыр. Концертті тамашалау тегін. Фестивальді ұйымдастырушы - Tengri FM радиостанциясы, бас серіктес - Kaspi bank.
 
Чылтыс Таннагашеваның ата-тегі Мрассу өзенінің бойындағы Курья елді мекенінде өмір сүрген. Чылтыстың арғы атасы Сарыг орманды өзінің бес саусағындай жақсы біліпті. Чылтыс 24 жасына дейін қарапайым қыз болып келген. Одан кейін жол апатына түседі. Бойжеткен клиникалық өлімнен оянғаннан кейін көмеймен айту өнерінің бар екенін анықтаған.
 
The Spirit of Tengri фестиваліне қатысушы қазақстандық топ - "Алдаспан". Музыканттар электродомбыраны шебер шертеді және көмеймен ән айтады. Айта кетейік, олар әлемде "хард-рок домбыра" стилімен ән айтатын жалғыз топ. Олардың орындауында халық комозицияларын да, өздері шығарған әндерді де рокстилистика жанрында тыңдауға болады.
 
"Көңіл-күйіміз керемет. Үлкен слэм орындап, қуаныштан секіріп, айғайлағымыз келеді. Өнер көрсетіп тұрған сәтте өзімізді ұстап әрең тұрдық, әйтпесе сахнаны төңкеретін едік. Әрине, жаңбыр кедергі жасады, бірақ ол тез басылып қалды. Сондықтан керісінше біздің орындауымызға қанық бояуын қосты. Керемет көрермен, бізді жылы қабылдап, қолдау білдірді. Бәрі жақсы", - деді "Алдаспан" тобының негізін қалаушы Нұржан Тойшы.

Бұдан кейін қазақстандық "Тиграхауд" тобы өнер көрсетті. Жас өнерпаздар ұлттық аспаптар арқылы, электрогитара, флейта және көмеймен айту арқылы тәжірибе ретінде қазақша рок орындады. Бірақ олар көрерменді бұл өнерімен ғана таңғалдырған жоқ. Музыканттар аңдардың стиліндегі киімімен тәнті етті.

"Алған әсерімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Тамаша дыбыс, жарық, ұйымдастыру. Алматы мен Фестивальге рақмет. Мұндай шаралар жиі болып тұрса екен! Бұл фестивальге біз көп уақыт дайындалдық және көрерменге біздің өнеріміз ұнады деген үміттеміз. Бірақ, көрерменнің қолдауына қарап, барлығының да жақсы өткенін айтуға болады. Бізді олар жылы қабылдады", - деді "Тиграхауд" ұжымының жетекшісі Данияр Жақиянов.

Айта кетейік, The Spirit of Tengri - ең маңызды заманауи этникалық музыка фестивальдерінің бірі. Бұл Ethnoworld жанрында орындайтын әлем музыканттарының басын қосатын үлкен жоба. Фестивальді Tengri FM радиостанциясы ұйымдастырып отыр. Үлкен шара заманауи этникалық музыканттардың қатысуымен жыл сайын ашық аспан астында өткізіледі. Жоба мәдени мұраны насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети