13 қаңтар 2018 19:05

Ақтөбедегі ХҚКО-да Димаш Құдайбергенге құрмет көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook.com/Мұрат Жұманбай © Facebook.com/Мұрат Жұманбай

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді Ақтөбедегі ХҚКО-дағылар гүлмен қарсы алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай суреттерді Facebook желісінде жариялады.

"Бүгін Ақтөбедегі №1 ХҚКО-дағы қызу жұмыс күнінің ырғағын әлемдік деңгейдегі жұлдыз Димаш Құдайберген бұзды. Орталыққа келушілер мен қызметкерлер қолтаңба алып, атақты жерлестерімен естелік суреттерге түсті", - деп жазды Жұманбай.

Оның хабарлауынша, Димаш ХҚКО-ға шетелге шығу төлқұжатын рәсімдеу үшін барған.

© Мұрат Жұманбай

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің Қытайдың Фучжоу қаласында өткізген жеке концертінен кейін елге оралғаны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети