08 қыркүйек 2015 14:08

Алматыда Шолпан Хаматованың шығармашылық кеші өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Алматыда Қала күні аясында, 17 және 18 қыркүйек күндері Ресейдің халық әртісі Шолпан Хаматованың "Времяпрепровождения" атты шығармашылық кеші өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда Қала күні аясында, 17 және 18 қыркүйек күндері Ресейдің халық әртісі Шолпан Хаматованың "Времяпрепровождения" атты шығармашылық кеші өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екі күн бойы Жамбыл атындағы мемлекеттік филормонияда Анна Ахматованың, Марина Цветаеваның және Белла Ахмадулинаның өлеңдері оқылады. Хаматова шығармашылық кешінде көрермендермен пікір алмасып, сұрақтарға жауап беруді жоспарлап отыр.

Шолпан Хаматова - театр және кино актрисасы, 1998 жылдан бері Мәскеудегі "Современник" театрының әртісі, "Подари жизнь" қайырымдылық қорын құрушылардың бірі. Ол киноға үшінші курсынан бастап түскен - оны Вадим Абдрашитовтың "Время танцора" картинасында Кати ролін ойнауға шақырады. Валерий Тодоровскийдің "Страна глухих" фильміндегі Рита образы оның жұлдызын жандырды. Сол кезден бастап көрермендер мен сыншылар оны талантты жас актрисалардың қатарына жатқызды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети