15 сәуір 2022 | 13:53

"Аман жүр, сары бала!". Қазақша ән шырқаған ұдмұрт жігіті Қазнетті тәнті етті

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желіде Рамазан Стамғазиев орындайтын "Дариға дәурен" атты әнді шырқаған жігіттің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Рамазан Стамғазиев орындайтын "Дариға дәурен" атты әнді шырқаған жігіттің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазнет қолданушылары оның өнеріне тәнті болды:

Жарайсың, азамат екенсің, даусың да тамаша!

Азамат екенсің, Отаныңды қорғап, әніңді салып, аман-есен оралғайсың, балам!

Тамаша! Жарайсың!

Дауысыңды сағындық. Аман жүр, Сары бала!

Қандай тамаша! Аман жүр, айналайын!

Керемет! Басқа да әндерді күтеміз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от НОВОСТИ ВСЕГО МИРА (@qazaqstan_eli)

Видеодағы жігіт Александр Аверкиев екен. Ол 1998 жылы 4 қазанда дүниеге келген. Желіде қалың көпшілікке "Сары бала" атымен танымал. Ол - Ақмола облысы Астрахан ауданының тумасы. Бүгінде Александр - Ұлттық ұлан ән-би ансамблі ерлер хорының аға маманы. 

Александр Аверкиев

Ол алғашында Ұлттық ұланның Павлодар қаласындағы 6679 әскери бөліміне 2020 жылғы күзде шақырылған. Кейін Ұлттық ұлан ән-би ансамблі ұйымдастырған "Ұлттық ұлан дауысы" ән байқауына қатысып, өнерімен көзге түскен. Жүлделі ІІІ орынды иеленген Александрға әскер басшылығы Нұр-Сұлтан қаласындағы 5573 әскери бөліміне ауысып, қысқа мерзімді қызметі аяқталған соң, ансамбльге жұмысқа орналасуға ұсыныс білдірген. Бұған дейін ән айту хоббиі болса, қазір ол әскер ансамблі құрамында музыкамен кәсіби тұрғыда айналысады екен. 

Александр Аверкиев

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Александр Аверкиев (@averkiyev_alexandr_)

"5-сыныптан бері ән айтамын. Мектептегі музыка пәнінің мұғалімі Зәуре Мұхамеджанова мені ән айтуға қанаттандырды. "Саша, сенің дауысың жұмсақ, әнді сезініп, түсініп, жүрекпен айтасың" деп қолпаштап қоятын. Сол кісіге алғысым шексіз. Мектептен соң, Щучьедегі педагогикалық колледжде "Бастауыш сыныптарының музыка пәні мұғалімі" мамандығын аяқтадым. Музыкалық азын-аулақ білімімді одан әрі дамытуға мүмкіндік беріп жатқан Ұлттық ұланға да дән ризамын. Мұнда тәртібің мен еңбекқорлығың шыңдалады", - деді "Сары бала".

Александрдың әкесі - ұдмұрт, анасы - орыс. Ата-анасы Александр Николаевич та, Светлана Николаевна да қазір зейнеткер екен. Өзі - отбасының кенжесі.

Ол отбасында ешкімнің бұл салаға қызығушылығы жоғын айтады.

"Әпкем Ирина тұрмыста, үш баланың анасы. Ағам Игорь елордада жұмыс істейді. Отбасымда өзге ешкімнің музыкаға әуестігі жоқ", - деді ол.

Александр қазақ әндерін орындауы туралы ойын айтты.

"Менен "Қазақша әндерді жақсы көруіңнің себебі не?", "Тілді қайдан білесің?", "Қазаққа қатысың бар ма?" деп жиі сұрайды. Қалай қатысым жоқ? Қазақстандықпын ғой. Тілді сүюімнің негізгі себебі - осы. Оның үстіне, қазақ тілі қоп-қоңыр, әдемі тіл. Қазақша айтылған ән жүрекке тез жететін сияқты болып тұрады. Әрі араласатын жолдастарым да қазақы ортадан", - деді Александр.

Оның сүйіп орындайтын ән-қоржынында "Дариға-дәурен", "Сыған серенадасы", "Қазақстаным!", "Сүйікті етші", "Көзімнің қарасы", "Қазақ ұлымын" секілді эстрада, дәстүрлі, халық әндері бар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Александр Аверкиев (@averkiyev_alexandr_)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Александр Аверкиев (@averkiyev_alexandr_)

Александр Аверкиевтің YouTube Желісінде арнасы бар. "Сары бала" арнасы 2019 жылы пандемия кезінде белсенді жүргізіліпті. Карантин уақытында көпшіліктің ыстық ықыласына бөленген ол шығармашылығына да ерекше ден қоя бастаған. 

YouTube-арнасында "МузАрт" тобының "Сағындым Алматымды" әнін орындаған видеосы 64 мың қаралым жинаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети