24 қараша 2014 11:15

"Арғымақ" тобы қазақстандықтарға бейне-сәлем жолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Арғымақ" тобы. ©Ярослав Радловский "Арғымақ" тобы. ©Ярослав Радловский

Башқұртстандық "Арғымақ" тобы Қазақстан тұрғындарына бейнеүндеу жолдап, өз табынушыларын The Spirit of Tengri қазіргі заманғы этникалық музыка фестивалінің екінші арнайы DVD-басылымы таныстырылатын концертке шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Башқұртстандық "Арғымақ" тобы Қазақстан тұрғындарына бейнеүндеу жолдап, өз табынушыларын The Spirit of Tengri қазіргі заманғы этникалық музыка фестивалінің екінші арнайы DVD-басылымы таныстырылатын концертке шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық көрерменнің көзайымына айналып үлгерген талантты музыканттар 26 қараша күні кешкісін барлық шаруаны жиып қойып, "түркі халықтық музыкасымен көңіл көтеруді" ұсынады. 

The Spirit of Tengri қазіргі заманғы этникалық музыка фестивалінің екінші арнайы DVD-басылымы таныстырылатын концерт 26 қараша күні Almaty Towers концерт залында (Байзақов көшесі, 280-үй, Сәтпаев көшесінің қиылысы) өтеді. Басталуы - 20.00-де. Бұл кеште фестивальдің қазақстандық көрерменнің көңілінен шығып үлгерген қатысушылары - "Намгар" (Бурятия Республикасы) және "Арғымақ" (Башқұртстан) топтары өнер көрсетеді. Билеттерді "Меломан" дүкендер желісінен және zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады. Билет құны - 3000 теңге. 

Еске сала кетейік, Tengri FM қазақстандықтарға ауқымды шоу-концерттерімен танымал болған еді. Олардың қатарында "На вершине Тенгри", "Қазақстанның тұңғыш рок-марапаты" концерттері мен қазіргі заманғы этникалық музыканың The Spirit of Tengri-2014 екінші халықаралық фестивалі бар. Ол 7 маусым күні Алматыдағы Республика сарайы алдындағы алаңда өтті. Музыканттар жеті сағат бойы өнер көрсетті. Фестивальге "Алдаспан", "Роксонаки", "Шарапат" (Қазақстан), "Арғымақ" (Башқұртстан), Болот Байрышев пен "Белуха Jam" тобы (Алтай), Саинхо Намчылак (Тыва/Австрия), Gulzada (Қыргызстан), "Намгар" (Бурятия), Baba Zula (Турция), The Shin (Грузия), Yarik Ecuador (Эквадор) және Радик Тюлюш (Тыва) сияқты орындаушылар мен музыкалық ұжымдар қатысты. 

Мұның алдында қазан айында фестивальдің DVD-басылымының жарыққа шығатынын хабарлай отырып, ұйымдастырушылар жанды дауыс пен қазіргі заманғы этникалық музыка тыңдармандарына "Күз дауыстары" атты бірегей думанды ұсынған еді. The Spirit of Tengri жобасы аясындағы кезекті кештің шешуші фигурасы - тывалық музыкант, мультиинструменталист, көмей әншісі Радик Тюлюш болды. Оны қазақстандық танымал  DJ Нариман Исенов пен "Қазына" вокал ансамблі сүйемелдеді. Концерт өзінің визуал эффектілерімен көрермендерге күзгі сиқырлар атмосферасын сыйлаған Space Multimedia галереясында өтті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети