28 қыркүйек 2016 13:48

Асxат Тарғыновпен төбелескен асаба жанжалдың неден шыққанын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеоның кадрлары Видеоның кадрлары

Қазақстандық белгілі әнші Асхат Тарғынов той үстінде төбелес шығарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық белгілі әнші Асхат Тарғынов той үстінде төбелес шығарды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Youtube желісінде жарияланған видеода асаба мен қазақстандық әнші Асхат Тарғын арасында болған төбелес бейнеленген. Видеоны Желіге жүктеген Рауан Әбілғазин есімді қолданушы: "Чип-Чип әнін орындаушы Асхат Тарғынов тойдың үстінде төбелес шығарды. Ол әнші Айбек Қоңырбаевты соққы астына алды" - деп жазған видеоның астында. Әзірге видеоны көп адам қарап үлгермеген.

Осы оқиғаның басты кейіпкерінің бірі асаба әрі әнші Айбек Қоңырбаевтың айтуынша бұл оқиға 21 қыркүйекте Алматы қаласының бір мейрамханасында үйлену тойы кезінде болған және ешқандай да қолдан жасалған дүние емес. "Бекітілген бағдарлама бар, менің басқаруыма қарап отырған той иелері бар. Асхат Тарғын өзі кешігіп келіп, менің ән айтуым керек деп бас салды. Менің намысыма тигеннен соң, мен оны кеудесінен итеріп жібердім. Әрі қарай тойды жүргізейін деп жалғастырып жатқанымда, ол келіп мені құлатып салды. Сыртқа шығып тағы сөйлестік. Біреудің тойын әдейі бүлдірейін деген ойым жоқ", - дейді Айбек. Қазіргі уақытта қарым-қатынастарыңыз қандай деген сұраққа ол "сол күннен кейін хабарласқан жоқпыз" деп жауап берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети