03 қазан 2014 23:49

Әйгілі Жаяу Мұсаның беймәлім фотосуреті табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаяу Мұса. 1927 жылы Федор Фиельструп түсірген фотосурет. ©24.kz Жаяу Мұса. 1927 жылы Федор Фиельструп түсірген фотосурет. ©24.kz

Мәскеу мұрағаттарының бірінен қазақтың әйгілі композиторы, әнші, суырып салма ақын Жаяу Мұсаның фотосуреті табылды. Бұл туралы "В Семее.kz" порталы "Қазақстан-Семей" телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 


Мәскеу мұрағаттарының бірінен қазақтың әйгілі композиторы, әнші, суырып салма ақын Жаяу Мұсаның фотосуреті табылды. Бұл туралы "В Семее.kz" порталы "Қазақстан-Семей" телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұрын музыканттың тек бір ғана суреті белгілі болатын, ол сазгер 50 жаста болғанда түсірілген:

Қазақстан мәдениеті үшін аса құнды жәдігерді Семейдегі Абай мұражай-қорығының директоры Жандос Әубәкіров тапқан. Фотосурет 1927 жылы түсірілген, одан қазақ киіз үйінің сыртында тұрған 93 жастағы Жаяу Мұсаны көруге болады. Фотографияның авторы - орыс ғалымы Федор Фиельструп.

1927 жылы этнограф Қазақстанға келіп, жергілікті халықтың тұрмыс-салтын зерттеген. Өзінің ғылыми экспедициясы барысында ол Семей губерниясында, Павлодар, Баянауыл уездерінде болады. Зерттеушінің күнделік жазбаларына қарағанда, ол өз сапары барысында Шорман бай балаларының отбасында болып, 150-ге жуық фотосурет түсірген. Қазақтың ұлттық киімдері, тағамдары мен салт-дәстүрлері туралы суреттердің арасынан Жаяу Мұсаның бейнесі табылып отыр.

"Өз заманында Абай мен Шәкәрімнің фотосуреттері де көп болған шығар. Бірақ тарихи оқиғалардың салдарынан көбі жоғалып кеткен болуы керек. Біз тауып жататын әрбір жаңа фотосурет ғылым үшін, жалпы Қазақстан тарихы үшін баға жетпес құндылық деп есептеймін", - дейді Абай мұражайы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Мейрамгүл Қайрамбаева 24.kz телеарнасына берген сұхбатында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети