Батырхан Шүкенов Boney M тобының солисін сомдады

20 Сәуір 2015, 10:12
0
Батырхан Шүкенов Boney M тобының солисін сомдады - @Youtube.com
@Youtube.com

Батырхан Шүкенов "Один в один" шоуында Boney M тобының солисі Лиз Митчелді сомдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық әнші Митчелдің танымал Bahama Mama композициясын орындап шықты. Айта кетейік, осыған дейінгі эфирлердің бірінде Батырхан Шүкенов қара нәсілді әнші Сезарии Эвораны сомдаған. Дәл осы образ қазылар алқасының жүрегін қозғап, оны лидер қатарына қосқан еді.

Батырхан Шүкенов соңғы қойған нөмірінде қазылар алқасының жақсы пікіріне қарамастан, төмен баға алып, төртінші орынға түсті. Ол алда әлі Агурбаш, Руслан Алехно және Александр Рыбакты сомдап шығады. Енді бірнеше эфирден соң жартылай финалға өтетін бестік анықталып, олар "Один в один" шоуының жеңімпазы болу үшін таласады.

"Один в один" шоуы - аңызға айналған музыканттардың образын, соның ішінде қимылдау мәнері мен даусының тембрін айнытпай салатын жоба. Қатысушыларға образды сомдауға кәсіби мамандар мен жетекшілері көмектеседі. Сонымен қатар, арнайы грим жасалады.

Айта кетейік, Батырхан Шүкенов осыған дейін Луи Армстронг, Лучано Паваротти, Юрий Антонов, Мұрат Насыров, Леонид Агутин, Кола Бельд және Владимир Шахринді сомдап шықты. Үшінші кезеңде ол Анжелика Агурбаш, Руслан Алехно, Эвелина Бледанс, Марина Кравец, Никита Малинин, Александр Рыбак, Светлана Светикова, Марк Тишман және Шура образында шығады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай