14 шілде 2015 08:29

Байқауға бір күн қалғанда Димаш Құдайберген сөйлей алмай қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©news.vitebsk.cc ©news.vitebsk.cc

"Славян базары-2015" ХІІІ халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауында бас жүлдені иеленген Димаш Құдайберген байқауға бір күн қалғанда ауырып қалған. Бұл туралы продюсер, әнші Лұқпан Жолдасовтың жары Айған Жолдасова Baistars.kz басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. 


"Славян базары-2015" ХІІІ халықаралық эстрадалық ән орындаушылар байқауында бас жүлдені иеленген Димаш Құдайберген байқауға бір күн қалғанда ауырып қалған. Бұл туралы продюсер, әнші Лұқпан Жолдасовтың жары Айған Жолдасова Baistars.kz басылымына берген сұхбатында мәлімдеді. 

"Осы байқауға да барын салып дайындалды. Бірақ, конкурсқа бір күн қалғанда тамағы ауырып, тіпті ән айтуға да, сөйлеуге де болмайтынын айтқан  екен. Сол кезде бәріміз қатты алаңдадық. Ауырып қалмағанда  бұдан да жақсы өнер көрсетер еді. Дегенмен, бәрі жақсы болды. Ауырғанның өзінде жақсы нәтиже көрсете білді. Ол үнемі қандай жағдай болмасын, жол таба біледі. Қазір ата-анасымен әлі Витебскте, қашан келетінін білмейміз. Әзірге мазаламауға тырысып отырмыз", - деді Жолдасова.

Сонымен қатар, ол Димаштың қыр-сырын аашып, бала күнінде қандай болғанын айтып берді. Оның айтуынша, Димаш Астанада оқиды, ал ата-анасы Ақтөбеде тұрады екен. "Олар Алматыға келгенде міндетті түрде біздің үйге келіп, қонақ болады. Сондықтан, мен Димашты бала күнінен білемін. Алғашында оның ән айтатынын білмейтінбіз. Бір күні ол ән айтып отырғанда таланты бар екенін байқадық. Оның «Славян базары» байқауына қатысатынын естіген кезде, үлкен үміт арттық. Себебі, Димаш кез-келген, тіпті жоғары ноталы әндерді еркін айтады. Диапазоны кең, мүмкіндіктері мол әнші. Өнерді жоғары бағалайды. Тек музыкамен өмір сүреді. Осы жағынан Лұқпанға қатты ұқсайды, мінезі де. Оны Димаштың ата-анасы да айтып отырады", - деді Айған Жолдасова.

Еске салайық, қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Витебскте өтіп жатқан эстрада әндері орындаушыларының XXIV халықаралық "Славян базары-2015" конкурсының Гран-при жүлдесін иеленген еді. Ол екі күннің қорытындысы бойынша 175 балл жинады. Сайыстың екінші күнінде Димаш француздың Sos dun terien un detresse әнін орындады. Димаш Құдайберген Гран-при жүлдесі үшін 20 мың доллар көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. Үш күн болған шарада қазақстандық әнші оқ бойы озық болды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети