Белгілі әнші Джордж Майкл 54 жасында қайтыс болды

26 Желтоқсан 2016, 09:56
0
Белгілі әнші Джордж Майкл 54 жасында қайтыс болды - © peoples.ru
© peoples.ru
Белгілі әнші Джордж Майкл 54 жасында қайтыс болды -
Белгілі әнші Джордж Майкл 54 жасында қайтыс болды -

Аты аңызға айналған ұлыбританиялық әнші Джордж Майкл 54 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды BBC телеарнасы әншінің баспашысына сілтеме жасап.

Оның айтуынща, әнші өзінің Англиядағы үйі Оксфордширде қайтыс болды. Басылымның мәліметінше, әншінің өлімін жергілікті полицейлер де растады. Әзірше оның өліміне не себеп болғаны белгісіз.

Billboard басылымының мәліметінше, Джордж Майкл жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болуы мүмкін. Элтон Джон, Марк Ронсон, Лиам Галлахер, Райан Адамс есімді музыканттар, сондай-ақ, Лондон мэрі Садик Хан мен Ұлыбритания оппозициясының көшбасшысы Джереми Корбин Twitter мен Instagram әлеуметтік желілерінде көңіл айтып жатыр.

Айта кетейік, 2011 жылы Джордж Майкл өкпе қабынуымен қатты ауырған болатын. Сол кезде оның өлім аузында жатқаны айтылған еді. Әнші жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Кейінірек Джордж Майкл толықтай жазылып шыққан болатын.

Джордж Майкл 1963 жылы Лондонда дүниеге келген. Өзінің музыкадағы мансап жолын 1980 жылдардың басында Wham дуэтінің құрамында ән айтумен бастады. Музыканттың үш ән жинағы жарыққа шыққан. Джордж Майклдың соңғы Symphonica ән жинағы 2014 жылы шыққан.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай