Billboard 2015 жылдың үздік әндерін атады

24 Маусым 2015, 18:33
0
Billboard 2015 жылдың үздік әндерін атады - Коллаж. © Тengrinews.kz
Коллаж. © Тengrinews.kz

Billboard журналы өз сайтында 2015 жылдың бірінші жартыжылдығындағы үздік әндерді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Үздік орындаушылар тізіміне АҚШ, Канада, Ұлыбритания және Австралия әншілері кірді. Музыка сарапшылары бұл рейтингке Рианна, Канье Уэст пен сэр Пол Маккартнидің FourFiveSeconds атты бірлескен жұмыстары мен Florence + The Machine тобының жаңа альбомындағы Ship To Wreck композияциясы кіруі тиіс деп есептейді.

Тізімге америкалық жас әнші Кейси Масгрейвс Biscuits әнімен кірді. Сонымен қатар, тізімде Fetty Wap, DJ-дуэт Skrillex & Diplo, электротрио Years & Years, Tame Impala рок-тобы мен The Weeknd бар.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай