14 маусым 2017 15:53

Чайковский атындағы Х Халықаралық жасөспірімдер байқауына 120-дан аса өнерпаз қатысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© fotoprints.no © fotoprints.no

EXPO-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында "Өнер және ғылым академиясы" Қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2017 жылдың 15-25 маусымы аралығында мерейтойлық Х П.И.Чайковский атындағы Халықаралық байқауын өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


EXPO-2017 Халықаралық мамандырылған көрмесінің мәдени бағдарламасы аясында "Өнер және ғылым академиясы" Қоғамдық қоры Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2017 жылдың 15-25 маусымы аралығында мерейтойлық Х П.И.Чайковский атындағы Халықаралық байқауын өткізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, П.И.Чайковский атындағы Халықаралық байқауы 1992 жылдан бастап төрт жылда бір рет, 17 жасқа дейінгі академиялық музыканттар арасында фортепиано, скрипка және виолончель аталымдары бойынша өткізілетін байқау.

Байқауға 20 елден келген 120-дан астам талант иелері қатысады. Қазылар алқасының құрамына 10 елден, атап айтқанда Жапония, АҚШ, Италия, Қазақстан, Ресей, Қытай, Корея, Германия және т.б. мемлекеттерден келген көрнекті классикалық музыка орындаушылары мен аспаптық орындаушылықтың асқан шберелері енді. Олардың ішінде әлемге әйгілі өнер саңлақтары - Мәскеу консерваториясының профессорлары Валерий Пясецкий мен Юрий Слесарев, Борис Андрианов мен Кирилл Родин, Сергей Кравченко мен Эдуард Грач, профессорлар Нұрлан Измайлов мен Гүлжәмиля Қадырбекова (Қазақстан), сондай-ақ Ласло Мезо (Венгрия), Юргис Дварионас (Литва), Франциско Круз Плаза (Италия), Нам Юн Ким (Корея), Акико Тацуми (Жапония), Мартти Роуси (Финляндия).

Аталымдар бойынша қазылар алқасының төрағалары: "фортепиано" - Владимир Овчинников, "скрипка" - Виктор Третьяков, "виолончель" - Сергей Ролдугин.

П. И. Чайковский атындағы жасөспірімдер байқауы негізгі міндеті – жаңа талант иелерін анықтау болып табылатын классикалық музыка әлеміндегі айтулы оқиға.

"Шығармашылық жарыс әдеттегідей дарынды жас музыканттар үшін өнер жолын бастайтын алаңға айналып, көрермендердің ыстық ықыласына бөлінуге, әлемдік қоғамдастықты өзіне қаратып, халықаралық мансабын жалғастыруға мүмкіншілік береді.", - дейді байқай ұйымдастырушылары.

Байқау аясында өнер көрсету елорданың үздік концерттік алаңдарында "Астана Опера" Үлкен залында, "Қазақстан" ОКЗ, Қазақ ұлттық өнер университетінің Ж.Жабаев атындағы және Орган залында келесі кесте бойынша өтеді:

- 16-18 маусым аралығында - I айналым;
- 19-20 маусым - II айналым;
- 22-24 маусым - III соңғы айналым. 

Байқау шеңберінде Кирилл Родин мен Борис Андриановтың қатысуымен Наталья Шаховскаяны еске алу концерті сынды қазылар алқасы мүшелерінің шеберлік сыныптары мен концерттері жоспарланған.

Халықаралық жасөспірімдер байқауының басты музыкалық оқиғаларының бірі ретінде Еуразиялық симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен ҚР Халық әртісі Айман Мұсақожаева мен атақты ресейлік виолончелші Сергей Ролдугин солистерінің концерті өткізіледі.

Жасөспірімдер байқауының ашылу салтанаты 2017 жылдың 15 маусым күні сағат 19:00-де "Астана Опера" Мемлекеттік опера және балет театрының Үлкен залында өтеді. Марапаттау рәсімі және жеңімпаздардың Гала-концерті 2017 жылғы 25 маусымда "Қазақстан" Орталық концерт залында өтежі. 

Айта кетейік, байқау өзінің тарихында Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосибирск, Сендай (Япония), Сувон (Корея Республикасы), Сямынь (ҚХР), Монтрё-Веве (Швейцария), Курасики (Жапония) қалаларында өткізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети