Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесі" финалы алдында тыңдармандарына үндеу жасады

24 Қараша 2018, 09:42
0
Данэлия Төлешова "Балалар Евровидениесі" финалы алдында тыңдармандарына үндеу жасады - © ТengrinewsTV
© ТengrinewsTV

Минскіде өтетін "Балалар Евровидениесі-2018" халықаралық байқауына қатысатын қазақстандық әнші Данэлия Төлешова Instagram парақшасында орыс және ағылшын тілінде тыңдармандарына үндеу жасады.

Онлайн-дауыс беру басталардың алдында ол бүкіл әлемдегі тыңдармандарына үндеу жасап, өзі орындайтын "Өзіңе сен" композициясына дауыс беруді өтінді.

View this post on Instagram

A post shared by ????Daneliya???? (@tuleshova_daneliya) on

Айта кетейік, дауыс беру үшін vote.junioreurovision.tv сайтына кіріп, қатысушылардың өнер көрсетуінің қысқартылған видеосын көру керек. Осыдан кейін ғана дауыс беру парақшасы ашылады, 3-5 ұнаған қатысушыны таңдап, парақшаның төменгі жағындағы SUBMIT YOUR VOTES деген батырманы басу керек. Одан әрі сізге математикалық жеңіл есеп беріліп, жолаққа шешімін жазу ұсынылады және осыдан кейін ғана дауысыңыз қабылданады.

View this post on Instagram

A post shared by ????Daneliya???? (@tuleshova_daneliya) on

Дауыс беру Астана уақыты бойынша 24 қарашаға қараған түні сағат 01.00-де ашылды және 25 қарашаға дейін жалғасады. 25 қарашада барлық қатысушы өнер көрсетіп болғаннан кейін дауыс беру 15 минутқа қайта ашылады.

"Балалар Евровидениесі-2018" халықаралық байқауының гранд-финалы Минскіде 25 қарашада өтеді. Астана уақыты бойынша сағат 21:00-де тікелей трансляция басталады, оны "Хабар" телеарнасы көрсетеді.

12 жастағы Данэлия Төлешова сахнаға үшінші болып шығады, оның алдында шығатындар - Украина мен Португалия әншілері. Ол "Өзіңе сен" әнін қазақ және ағылшын тілдерінде орындайды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай