Димаш Құдайберген АҚШ-тағы The World's Best шоуында өнер көрсетті

06 Ақпан, 15:05
0
Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Димаш Құдайбергеннің The World's Best ("Әлемнің үздіктері") шоуында айтқан әнінің тизері жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық әнші Қытайдағы I'm A Singer байқауында айтқан S.O.S d'un terrien en détresse композициясын орындады. Сарапшылар Димаш Құдайберген ән айтып жатқанда орнынан тұрып, қол шапалақтаған.

"Сен The World's Best шоуының құрылуына себепшісің", - деді судьялардың бірі, актер Ру Пол Андре Чарльз. Айта кетейік, бұл байқауға қазақстандық әнші қыз Данэлия Төлешова да қатысты.

"Димаш пен Данэлияны қолдау үшін". Гауһар Нұртас америкалық шоудың сарапшысы болды

Айта кетейік, қазақстандық әншілердің көрсеткен өнерін Астана уақыты бойынша ертең, 7 ақпанда сағат 6.00-де көруге болады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай