24 қаңтар 2019 11:20

Димаш Құдайберген АҚШ-тың таланттар шоуында қандай ән айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайбергеннің америкалық The World's Best ("Әлемдегі ең үздіктер") шоуында қандай ән айтқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Димаш Құдайбергеннің америкалық The World's Best ("Әлемдегі ең үздіктер") шоуында қандай ән айтқаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ол бұрындары Қытайда I'm A Singer шоуында айтқан S.O.S d'un terrien en détresse композициясын орындаған. Әншінің фанаттары видеодан үзінді жариялады, сол арқылы Димаш Құдайбергеннің дәл сол ән екенін аңғаруға болады. Бағдарламаны 2019 жылы 3 ақпанда CBS арнасы көрсетеді. 

Сонымен қатар, шоуға Данэлия Төлешова да қатысты. Видеода қазақстандық қыздың сахнада көз жасына ерік бергенін көруге болады. 

The World's Best - талантты адамдар туралы CBS арнасының телебағдарламасы. Төрешілер арасында танымал актриса Дрю Бэрримор, ұлыбританиялық комик Джеймс Горден және актер РуПол Андре Чарльз бар. Үш бас төреші мен әлемнің түрлі елдерінен 50 маман ақтық шешім шығарды. 

Бағдарламада өнер көрсету үшін ғаламшардың түкпір-түкпірінен таланттар келген - әншілер, бишілер, цирк өнерпаздары, гимнасттар және тағы басқалары. 

Осыған дейін Желіде бағдарламаның жаңа проморолигі жарияланды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети