Димаш Құдайберген Астанада концерт береді

26 Наурыз 2017, 13:24
0
Димаш Құдайберген Астанада концерт береді -

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Астанада EXPO-2017 көрмесін өткізу аясында жеке концерт береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көрменің ресми сайтындағы мәліметтерге қарағанда, концерт 27 маусымға белгіленген. Өтетін жері - "Сарыарқа" Республикалық велотрегі.

Еске сала кетейік, кеше Димаш Құдайберген I am a Singer байқауының 10-шы кезеңінде 3-орын алып, байқаудың финалына шыққан болатын.  Бұл кезеңде қазақстандық әнші "Ұмытылмас күн" әнін қазақ және қытай тілінде орындады. Айта кетейік, әннің авторы Димаш Құдайбергеннің өзі де, сөзін Орал Байсеңгір жазған.

Айта кетейік, осыған дейін Димаш Құдайбергеннің PR-директоры әрі жақын досы Алпамыс Шаримов I am a Singer музыкалық байқауының финалында қазақстандық әншінің кімдермен сынға түсетіні жайлы айтып берді. 

"Дәл қазір финалдамыз. Финалға жетеміз деп ойлаған жоқпыз. Димаш және онымен бірге Сэнди Лэм (Sandy Lam), гонконгтық топ Lions бар. Әрине, бұл біз үшін өте қуаныш. Осы кезге дейін қазақтың халық әнін де орындадық, еуропалық танымал әндерді де орындадық. Әлемге танымал және қытайдың сүйікті әндері орындалды. Димаш көрермендерді барынша таңғалдыруға тырысты. Соның арқасында бүгін финалға жетіп отыр", - деген еді әншінің өкілі.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай